2025 ЖЫЛЫ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ САПАЛЫ САРҚЫНДЫ СУ ЖҮЙЕСІМЕН 95% ҚАМТЫЛАДЫ

Түркістан қаласында 40 579 абонент болса, соның 38 646 яғни 95,2%-ы табиғи газбен қамтамасыз етілген.

Бұл туралы uakit.kz Түркістан қаласы әкімдігінің инфрақұрылым және коммуникация бөліміне сілтеме жасап хабарлайды. Газдың тарифі жекеменшік тұлғаға 1 м3  үшін — 32,6 теңге, заңды тұлғаға 1м3 үшін — 36,97 теңге. Ал, табиғи газға қосылмаған жеке тұрғындармен нысандарға 2022-2023 жылдардың жылу беру маусымына шамамен 21 000 тонна Шұбаркөл көмірі қажет деп жоспарлануда. Қазіргі бағасы отынбазасында 1 тонна көмір — 14 800 теңгені құрап отыр. Бүгіні таңға қаладағы көмір базаларына 40 000 тонна көмір тасымалдаған.

Одан өзге Түркістан қаласы бойынша 38 820 абонент ішінде 37 655 абонент ауыз сумен қамтамасыз етілген.

Бүгінде Кентау қаласындағы Біресек су кен орынынан 600 диаметрлік құбырмен сағатына 1590 м3 және Мырғалымсай ескі кен орнынан 800 диаметрлік құбырмен сағатына 3200 м3 мүмкіндігімен қарастырылса, Шобанақ елді мекеніндегі 40 мың м3 резервуарға және Б.Майлина көшесі аумағында орналасқан 16 мың м3 су жинау резервуарына құйылып, су жинақталып, халыққа жеткізілуде.

Бұдан бөлек,  жаз айларында Түркістан-Су мекемесінің меншігіндегі   21 су ұңғымасы арқылы және Арыс теміржолы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің меншігіндегі 14 су ұңғымасы арқылы қала ауыз сумен қамтамасыз етілуде.

2023 жылы 5 (Яссы және Шавгар, Мақтазауыт, Н.Тореқұлов, Орталық су қойма 5000 м3, 1,2 мөлтек аудандар.) нысанның құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Жалпы сметалық құны 5 084,5 млн.тг.

Жалпы 5 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталған кезде 13961 абонент  сапалы ауыз су жүйесімен қамтамасыз етіледі.

Қаланың  таза сумен қамтамасыз ету 98,5%-ы құрап отыр. «Жаңадан қоныстанған аумақтарды ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету құрылысы» жобасының жалпы сметалық құны 789,4 млн.тг, 2022 жылға қаралған қаржы 80 млн.тг. Қажетті қаржы 709,4 млн.тг.

Түркістан қаласында қуаттылығы тәулігіне 20 мың м3  сарқынды су тазарту ғимараты бар. Қабылданып жатқан сарқынды су көлемі тәулігіне 4500 м3.

Сонымен қатар, 127 шақырым сарқынды су жүйесі, 27 дана кәріздік насостық станция бар. Түркістан қаласы бойынша орталықтандырылған сарқынды су жүйесімен қамтылу көрсеткіші 32,2 пайызды құрап, 12297 абонет пайдалануда.

Түркістан қаласын толық сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету үшін 15 нысанға бөлінген. Оның ішінде 3 нысан (Тұран-1, Отырар-1, Отырар ықшам ауданындағы көп қабатты тұрғын алаптан №21 канализациялық сорғы станциясына дейін ағын сулардың магистральды жүйесін салу) құрылыс жұмыстары аяқталып пайдалануға тапсырылған.

Қазіргі таңда, 20,7 млрд. теңгені құрайтын 6 нысанның (Бірлік, Ортақ-1, Тұран-2, Бекзат, Отырар-2, Яссы және Ыждыхат) құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, республикалық бюджетке 4 нысан (Түркістан-Қызылорда тұрғын үй массиві, Алтын Шаршы, Ортақ-2, Яссы және Ыждыхат 2-кезең) қаржыландыруға ұсынылып, 2 нысанның (Ортақ-3 және Баянауыл аумағы) ЖСҚ рәсімделуде.

Нәтижесінде 2025 жылы қала тұрғындары сапалы сарқынды су жүйесімен 95% қамтамасыз етіледі.