ЕҢБЕКШІДЕ 21 МЕКЕН-ЖАЙҒА ИРРИГАЦИЯЛЫҚ АРЫҚТАР ОРНАТАТЫЛАДЫ

97
0

Еңбекші ауданында биыл 7,3 шақырымды құрайтын ирригациялық арықтар орнату жоспарланған, деп хабарлайды Uakit.kz.
Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек 2022 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына өкілдеріне берген баспасөз брифингінде мәлімдеді.
Аудан аумағында күз, көктем мезгілдерінде жауын-шашын суларының басуының алдын алу мақсатында, 2021 жылы 14 мекенжайда 3,3 шақырым ирригациялық арықтар орнатылды. Ағымдағы жылы жауын-шашын шамадан тыс жауып, 52 мекенжайда су алу орын алды. Су алған мекенжайлар бойынша  бірінші кезекте 7,3 шақырымды құрайтын 21 мекен-жайға ирригациялық арықтар орнату жоспарланып, бюджеттен қаржы бөлінді.
Қазіргі таңда мердігер мекеме «Профиленд» ЖШС-і 15 мекен-жайда 6,1 шақырым ирригациялық арықтарды орнатты. Ал қалған 1,2 шақырым құрайтын ирригациялық арықтарды орнату жұмыстары толығымен қараша айында аяқталады. 2023 жылға арналған жоспарға сәйкес 11 мекен-жай бойынша 7,2 шақырым ирригация орнатуға сметалық есептер әзірленуде.
Айта кетейік, Еңбекші ауданы Шымкент қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Еңбекші ауданының аумағы 20 660 гектар жерді құрайды, онда 313 000 мыңнан астам халық қоныстанған. Еңбекші ауданы – қаланың өндірістік ауданы болып саналады. Ауданда көптеген өндірістік кәсіпорындар мен мекемелер шоғырланған. Атап айтсақ, Еңбекші ауданында 2 индустриалды аймақ яғни Оңтүстік және Ордабасы және де 1 арнайы экономикалық аймақ (СЭЗ Оңтүстік) орналасқан. Сонымен қатар аудан аумағындағы 20 359 шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері тіркелген. Аудан 19 шағынаудандардан және Сайрам, Төлеби аудандарынан қосылған 16 тұрғын алаптан тұрады. Еңбекші ауданында 611 көшелер мен өткелдер, 1 саябақ 3 гүлзар, 651 көпқабатты және 32 306 жеке тұрғын үйлер орналасқан. Осы бағыттарда тұрғындармен тұрақты түрде қарым-қатынаста болып, Еңбекші ауданы әкімінің аппараты келесі жұмыстарды атқаруда.