АСАР-2 ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ
Шымкент қаласының Асар-2 елді мекенін инфрақұрылыммен қамту жұмыстары былтыр аяқталып, 2700-ден астам абоненттің мәселесі шешілген болатын.
Алайда мыңға жуық үй жобадан тыс қалып, сапалы ауыз су, электр қуаты мен табиғи газға қосылмай қалған. Қазіргі таңда осы мәселенің түйіні тарқатылып, халықтың өтініші орындалуда. Асар-2 елді мекеніндегі қалған аумақты сапалы ауыз сумен қамту бойынша құрылыс толық аяқталды. Биыл жасалған жұмыстар нәтижесінде 53 шақырым су құбыры жүргізілді. Ескерер жайт, мердігер мекеме ауыз су құбырын тұрғындар үйінің есік алдына дейін жеткізіп береді. Ары қарайғы жұмыс, яғни үй ішіне кіргізіп, оны қосу әр үй иесінің жеке жауапкершілігіне жүктеледі.Абоненттеу жұмыстары үшін қажетті құжаттарды «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК-ға өткізу керектігін хабарлаймыз. Айта кету керек, соңғы жылдары Шымкент қаласына қарасты шалғайда жатқан елді мекендер мен ықшамаудандардың өзекті мәселесіне баса назар аударылып келе жатыр. Биыл қаладағы көгілдір отынға қойылған мораторий өз күшін жойды. Алдағы уақытта қалада табиғи газге қатысты тапшылық болмайды. Қазіргі уақытта шалғайдағы елді мекендер мен ышқамаудандарға газ құбырларын тарту бойынша бастамалар көтеріліп, жүзеге асырылып келе жатыр. Бұдан бөлек, көшелерді жарықтандыру ісі де қарқын алған. Бүгінде аталған бағыттағы жұмыстар мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жүзеге асып жатыр. Сонымен қатар су мен сапалы электр жарығы мәселесі де жуық арада шешімін табады. Бұл үшін бюджеттен қыруар қаржы да бөлінген. Тиісті жұмыстар қолға алынғанын да айта кету керек. Сондай-ақ ағымдағы жылы елді мекендердің ішкі орамдық көшелерінің сапасы да арта түседі. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың баршасы шаһар басшысы Мұрат Әйтеновтің тіккелей бақылауында Жалпы қазіргі уақытта Шымкенттегі 81 елді мекеннің 42-сі табиғи газбен толық, 31-і жартылай, 8 елді мекені көгілдір отынымен қамтылмаған. Тұрғындарды табиғи отынмен қамтамысыз ету мақсатында жоғарыда көрсетілген көрсеткішті арттыру үшін 2022 жылы барлығы 15 нысанда құрылыс жұмыстарын жүргізілуде. Нәтижесінде 34 мыңнан астам адам табиғи газ жүйелеріне қосылуға мүмкіндік алады. Жыл қорытындысымен, Шымкент қаласы тұрғындарының табиғи газбен қамтылу көрсеткіші 93%-дан — 94,7%-ға жететін болады.