ПЕШ АЛДЫНДАҒЫ ЕДЕНГЕ НЕГЕ ҚАҢЫЛТЫР ҚАҒУ КЕРЕК?

Түркістан қаласында пеш жағатын үйлер бар. Жылыту маусымы кезінде пеш қолданған кезде оның алдындағы еденге міндетті түрде көлемі 50х70 см құрайтын темір қаңылтыр қағу керек. Қаңылтыр пеш аузынан түсетін шоқтардың жанғыш заттарға тиіп, өрттің болу қаупін тудырмайды.

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Асқар Сейсенов Turkistan телеарнасының «Жаңа толқын» бағдарламасында осылай деді.

Бағдарламада басқарма басшысы тұрғын үйлерден өрттің қандай себептерден шығатыны туралы нақты жауаптар айтты. Сонымен қатар өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша керек кеңестерін ортаға салды.

Айта кетейік, бұған дейін uakit.kz пеш пайдаланудың өз ережесі бар екені туралы төтеншеліктердің айтқан ескертулері туралы материал жариялаған. Соның ішінде еңбасты назар аударатын мәселе  пештің мұржасы төбе жабындысынан өтерде жанып кететін материалдарға тимеуі тиіс. Өзге де саңылауы болса бітеп, сылап қою керек. Және пеште жеңіл тұтанатын сұйықтықтармен от жақпауды, жағылған пешті қараусыз қалдырмау керек екенін айтады.

Ауа-райы суыған кезде кейбір үйлер пешті шамадан тыс қыздырып жіберетінін, егер үйді монтаждау  кезінде қандай да бір кемшілікке жол берілсе  шамадан тыс қызған пеш әсерінен өрт шығу қаупі жоғарылайтынын ұмытпау керек.

Сонымен қатар пеш маңайына киім, ал түбіне аяқ киім кептіруге болмайтынын біле жүріңіз. Және пештерді бақылауды, оларға отын немес көмір салуды кішкентай балаларға тапсыру да өрескел қателікке апаруы мүмкін.