ЖАРЫҚ КӨШЕ — ҚАУІПСІЗ ҚАЛА КЕПІЛІ
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында жыл басынан бері атқарылған жұмыс көп. Жалпы 2021 жылға дейін негізгі күш инженерлік-инфрақұрылыммен қамтуға жұмсалып келді. Себебі халықтыңда бірінші кезекте сұрайтыны ауыз су, жарық, газ, жол мәселелері. Бүгінгі таңда инфрақұрылымның негізгі бағыттарының қамту көрсеткіштері 90%-дан жоғары.
2021 жылдан бастап жарықтандыруға жақсы көңіл бөлініп келеді. Аудандағы 611 көшенің 103 көшесі жарықтандырылған болатын. Көшелерді жарықтандыруда орталық және әлеуметтік нысандар (мектеп, бала-бақша, емхана, аурухана) орналасқан көшелерге басымдылық берілуде. 2021 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасына аясында 18 көше жарықтандырылды. 2022 жылы 34 көшені жарықтандыру жоспарланған. Қазіргі таңда 18 көше жарықтандырылды. Жыл соңына дейін 16 жарықтандырылады. 2023 жылға – 15 көшені жарықтандыруға жобалау сметалық құжаттамалар әзірленді. Қосымша 15 көшені жарықтандыруға нақтылау жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, аудан аумағында күз, көктем мезгілдерінде жауын-шашын суларының басуының алдын алу мақсатында, 2021 жылы 14 мекенжайда 3,3 шақырым ирригациялық арықтар орнатылды. Ағымдағы жылы жауын-шашын шамадан тыс жауып, 52 мекенжайда су алу орын алды. Су алған мекенжайлар бойынша бірінші кезекте 7,3 шақырымды құрайтын 21 мекен-жайға ирригациялық арықтар орнату жоспарланып, бюджеттен қаржы бөлінді. Қазіргі таңда мердігер мекеме «Профиленд» ЖШС-і 15 мекен-жайда 6,1 шақырым ирригациялық арықтарды орнатты. Ал қалған 1,2 шақырым құрайтын ирригациялық арықтарды орнату жұмыстары толығымен қараша айында аяқталады. 2023 жылға арналған жоспарға сәйкес 11 мекен-жай бойынша 7,2 шақырым ирригация орнатуға сметалық есептер әзірленуде. Жалпы Шымкент қаласында жалпы ұзындығы 1 758 шақырымды құрайтын 747 әлеуметтік маңызға ие көше бар. Биыл мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 102 көшені жарықтандыру жоспарланған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Естеріңізде болса, былтырғы жылы 106 көше жарықтанып, жалпы жарық көшелер көрстекіші 43,4 %-ға жеткен-ді. Биылмен қоса алғанда жарықтанған көшелер саны 324-ке артып, көрсеткішті 57%-ға ұлғайту көзделуде. Жоспарға сәйкес, 2025 жылға 75%-ға жеткізу межеленген. Шымкент көшелерін түнгі жарықшамдармен қамту мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 2022-2023 жылдары 208 көшеге жарықшам орнату жоспарлануда. Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 70 пайызға жетпек.