ӨРТ СӨНДІРУ ҚЫЗМЕТІ: ӘР ҚОҢЫРАУ МАҢЫЗДЫ

Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары тұрғындар өрт оқиғалары немесе жану жағдайларының куәсі болған кезде міндетті түрде өрт сөндіру қызметіне немесе 112 шұғыл көмекке байланысқа шығып, мән-жайды хабарлауды ескертеді. Төтеншеліктер мұндай қырағылық үлкен қауіптің алдын алатынын алға тартады.

Түркістан қаласында осы сипаттағы оқыс оқиғалар жиі тіркеледі. Мәселен, ағымдағы жылдың 18-ақпанында Н. Төреқұлов көшесінің бойында бір тал ағаштың жанып жатқаны хабарланды. Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары келіп түскен хабарлама бойынша оқиға орнына өрт сөндіру автокөлігімен барады.  Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде бір тал ағаштың түтеп, бықсығанын, өртке ұласпағанын анықтайды.  Дәл осы күні №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші диспетчері Әйтеке би көшесі бойында орнатылған трансформатордың жанып жатқаны туралы хабарлама қабылдайды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына өрт сөндіру автокөлігімен бес минутта жетеді.  Оқиға орнына жеткен кезде трансформатордың электр сымдарының қысқа тұйықталуынан түтеп, бықсығаны анықталады.

Екі оқиғада да қауіп алдын алынды. Зардап шеккендер болмады.