ШЫМКЕНТТІК ӨНІМ НАРЫҚТА ӨЗ ОРНЫН ТАУЫП ҮЛГЕРДІ

92
0

Шымкентте жоғарғы сапада ылғалды майлықтарды өндіретін фабирка жұмыс істеп келеді, деп хабарлайды Uakit.kz.
Шымкент қаласындағы «NEFIC» GROUP компаниясы 2018 жылдан бері «Шымкент»және «Түркістан» ылғалды майлықтарды шығарады. Аталған өнім түрі оңтүстік өңірінде яғни Шымкент қаласы және Түркістан облысында кең таралған. «NEFIC» GROUP серіктестігі шығаратын ылғалды майлықтардың сапасы жоғары, бағасы да қол жетімді. Бүгінгі таңда өнідіріс орын тәулігіне 25 мың данасын шығаруға қауқарлы. Ылғалды майлықтардың 20-ға жуық иіс түрлері бар. Сондай-ақ тапсыры берушінің талғамына қарай өнімді өндіріп беру жолы да қарастырылған. Сонымен қатар «NEFIC» GROUP компаниясы ылғалды майлықтарды тапсырысқа сай басқа да таңба атау белгілерме шығарады.
Бұдан бөлек, фабирка антисептиктерді де өндіруді жолға қойған. Қазіргі таңда қос өнімге деген сұраныс арта түскен. «NEFIC» GROUP компаниясы операторы қызметін атқаратын Әділжан Ирисметовтің айтуынша фабрика бүгінгі заманның талабына сай Түркия елінің заманауи технологиялық қондырғыларымен жабдықталған. Қондырғылар автоматтандырылған. Тоқтаусыз жұмыс жасап, өнімнің 25 мың данасын шығаруда. Оператордың қызметі аталған қондырғылардың дұрыс жұмыс жасауын қадағалау және өнімді сапалы шығаруды бақылау, дейді.
Мұндағы өнімдерге зиянды қоспалар қосылмайды. Құрамындығы заттардың бәрі қауіпсіз болып табылады. Халықаралық және санитарлық талаптарға сай жасалады.
«Біздің алдағы жоспарымыз ылғалды майлықтарды қаланың барлық кафе, ресторандарына ұсынып, өз німімізді орналастыратын болсақ, онда біздің фабирка қуаттылығын арттырып, тәулігіне 50 мың данасын шығарсақсақ деп көздеп отырмыз», — дейді Әлімжан Убайдуллаев Бас директор.
«NEFIC» GROUP компаниясы шығаратын ылғалды майлықтарына тұтынушылар жоғарғы баға беріп, сапасына дән риза. Бағасына да көңілдерінен шығуда, өйткені қол жетімді бағада ұсынылуда.
Айта кету керек, Шымкент қаласында 2022 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша 101 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді (заңды тұлғалар – 19,1 мың бірлік, жеке тұлғалар – 77,5 мың бірлік, шаруа қожалықтары – 4,3 мың бірлік), өткен жылдың сәйкес кезеңіне бұл көрсеткіш 39%-ға өсім көрсетті. Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 179,9 мың адам жетіп, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,4%-ға өскен. Өндірілген өнім көлемі бойынша 2022 жылдың 1-тоқсанында 317,3 млрд. теңгені құрап, 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30,1%-ға артқан. 2022 жылдың қаңтар-наурызда шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 36,2%-ды құрады.