ЖАСТАР — ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ
Елімізде жастардың жан-жақты дамуы үшін барлық жағдайлар жасалып келе жатыр. Бүгінде кәсіп бастап, нәсібін көрем деуші жастарға арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар бар. Қала берді, оларды жұмыспен қамту бойынша да түрлі шаралар атқарылып келе жатыр. Тарқатайық.
Ағымдағы жылы «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша жалақы мөлшері 91890 теңгеге көтерілді. «Жастар практикасы» елімізде біраз жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан ауқымды бағдарлама. Еліміз бойынша, оның ішінде Шымкентте аталған бағдарламаға қатысып, мамандығы бойынша жұмысқа жолданып, тұрақты жұмысқа орналасып жатқан жастар өте көп. Мысалы, 2021 жылы Шымкентте 2500-ден астам жас «Жастар практикасы» бағдарламасымен жұмысқа жолданған болса, олардың 1300-дейі барған жерлерінде тұрақты жұмысқа орналасқан. Ағымдағы жылы аталған бағдарламамен 2098 жасты қамту жоспарланып отыр. Жыл басынан 1000-нан астам жас жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз жас ретінде тіркеліп, тиісті жұмыс орындарына жолдама алған. Қазіргі таңда олар өздерінің мамандықтары бойынша жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта жоғарыда аталған «Жастар практикасы» бағдарламасының жалақысы көтерілген. Мөлшері 91890 теңгені немесе 30 АЕК-ні құрайды. Бұдан бөлек, бағдарламаға қатысу мерзімі де 12 айға дейін ұзартылған. Бұрын 6 ай болатын. Бастама жұмыс таппай, табаннан тозып жүрген жастарға үлкен мүмкіндік беріп отыр. Жобаның иглігін көріп, жұмысын бастаған жастар да аз емес.Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар бағдарламасы бойынша қаралымдағы 810 өтінім өтінім иелеріне өңдеуге жіберілуде. Азаматтар өңдеуге жолданған құжаттарды 2 жұмыс күні ішінде толықтырып қайта жолдаулары қажет. Екі жұмыс күні аралығында өңделмеген құжаттар немесе дұрыс өңделмеген құжаттар қарауға алынудан бас тартылады. «Жастар» бағдарламасы бойынша өтінімді өңдеу барысында төмендегі көрсетілген шарттарға аса назар аударуларыңыз қажет. Яғни құжаттарыңыздың сапалылығына, ұяшықтарды дұрыс толтыруға, банктік шотқа депозиттік шоттың ашылған күнін көрсетуді және дәлелді құжатты қосуды, қызмет барысындағы жеке жетістіктерге ағылшын курсын немесе басқа да курстарды аяқтау, қол алысып тұрған фотосуреттер, ата-анаға бала тәрбиесі үшін берілген алғыс хаттар, жақсы оқығануы үшін, тәрбиелі студент болғаны үшін берілген сертификаттар мен мадақтамалар жатпайды. Сондықтан, тек қызмет барысында бағаланған мадақтама, алғыс хат, орден, медаль және өзге де деректерді қосуды, бюджеттік саладағы еңбек өтілі мен жеке кәсіпкерліктің ашылған уақытын дәлелдейтін құжаттарды міндетті түрде салуды, 100 мамандыққа игерген мамандығыңыз кірмеген жағдайда «басқа-иное» батырмасын басыңыз.