ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР САЙЫСЫНАН ШЫМКЕНТТІК 4 ОҚУШЫ ДА ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

95
0

Ғылыми жобалар сайысынан Шымкенттік 4 оқушы да жүлдемен оралды. Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы зияткерлік мектептің 4 оқушысы да NIS-тің желілік ғылыми жобалар олимпиадасынан жүлдемен оралды.

Гуманитарлық бағыт бойынша ғылыми жұмыс қорғаған оқушылардың барлығы жүлделі 3-орын иеленген. Олардың алғашқысы Гүлайым Жексенбек жетекшілері Бақыт Амалбекова және Гүлжамиля Сүлейменовамен «Патриоттық тәрбие беруде Б.Момышұлының шығармаларының маңызы» тақырында жасаған зерттеу жұмысы, Зере Рыстанбектің жетекшісі Данияр Байтуреевпен «Шөген ұлттық ойынының тарихы мен дамыту жолдары» жазған жұмысы, Бағдар Нұржабевтың Динара Алимкуловамен жазған «Comparative study of idioms about personality in English and Kazakh languages» зерттеулері қазылар алқасынан жоғары бағаланып, жүлдегер атанды. Эссе жазуы секциясы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бекжан Көпбосыновтың оқушысы Оралхан Абдужаппардың «Туған жер — тұғырым» шығармасы да жүлделі 3-орыннан көрінді.

Айта кету керек, Алматылық химия-биология бағытындағы NIS желілік ғылыми жобалар байқауына еліміздің әр өңірінен 120-дан астам дарынды оқушыларды бір дода алаңына жинады. Желілік конкурстың көптеген жобалары “Туған елге тағзым” өлкетану-зерттеулік экспедициясының маршруттарында туындаған. Желілік байқау нәтижесінде “Шабыт” және “Туған жер – тұғырым” арнайы шығармашылық номинацияларына 14 оқушы ие болды . Жүлделі орындардың иегерлері “Туған елге тағзым” ауқымды республикалық байқауында туған жерге сүйіспеншілікке шабыттандыратын жұмыстарын ұсынатын болады. Қазылар алқасының төрағасы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Аманжол Қалыш сайысқа қатысушыларының өнімдерін жоғары бағалады. Нақтырағы, «Қазылар алқасының құрамында бес жылдай жұмыс істеу құрметіне ие болдым. Оқушылардың дайындығы ерекше қуантты деп айта аламын, тамаша деңгей, жоғары мотивация және жобаларды әзірлеуге сауатты көзқарас. Қазылар алқасы мүшелеріне жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімдерін анықтау оңай болған жоқ. Жеңіске бәрі лайықты» дейді ол.