КӨКТАЙҒАҚТАН АБАЙ БОЛ

Синоптиктер алдағы күндері қарлы бұрқасын соғып, аяз, көктайғақ болатынын ескертті. Осы хабарламаның негізінде Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы жаяу жүргіншілерге көктайғақтан абай болуды ескертеді,-деп хабарлайды uakit.kz.

– есіңізде болсын, қар мен көктайғақ кезінде көлікті тізгіндеу күрт нашарлайды. Кейбір жағдайда жүргізушілер көлікті бақылай алмай қалуы мүмкін екенін қаперден шығарма;

– көшелерді жол қозғалысы ережелерімен белгіленген орындарда өту керек;

–жолдан өткен кезде, басқа істерге мойын бұрмаңыз (ұялы телефонмен сөйлесу және т. б.) абай болыңыз;

– аяқ киімді дұрыс таңдауға назар аударыңыз. Аяқ киіміңіз бұдырлы өрнегі бар тайғанамайтын материалдан жасалған тегіс табанды болуы тиіс;

– қолыңызды қалтаңызда ұстамаңыз, бұл сізге мұзда тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді;

–тротуарлар, қалалық көлік аялдамалары, дүкендерге кіре берістегі баспалдақтар, тіпті өз үйіңіздің кіреберісі- адамдар жиі жарақат алып құлайтын жерлер болып табылатынын есте сақтап, барынша қырағы болыңыз.