БИЫЛ 1 МЛН 60 МЫҢ ШАРШЫ МЕТРДЕН АСА БАСПАНА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Әлемде орын алып жатқан оқиғалардың мемлекеттердің экономикасына теріс әсер еткені белгілі. Елімізде де бірқатар салаларда мәселелер туындады. Өз кезегінде, жаһандық жағдайларға қарамай өркен жайып келе жатқан салалар да бар. Солардың бірі – тұрғын үй құрылысы саласы.
2021 жылы Шымкентте 1 млн шаршы метрден астам тұрғын жай ел игілігіне берілді. Ал биыл бұл межені 4,7 пайызға арттырып, пайдалануға берілетін баспана көлемін 1 млн 60 мың шаршы метрге жеткізу көзделуде. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді. «Бюджет есебінен көп қабатты 51 үй пайдалануға тапсырылады деген жоспар бар. Бұл – жалпы 2 972 пәтер деген сөз. Оның ішінде 31 кредиттік, 20 арендалық үй бар» деді қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы. Мегаполис басшысының айтуынша, баспана кезегінде тұрған, табысы аз азаматтарға құны 1 миллион теңгелік тұрғын үй сертификатын беру қарастырылған. Бұл мақсатта 500 млн теңге бөлінді. Бұған қоса көп қабатты 18 үй жөнделуде. Ал тұрғын үй қорын басқарудың жаңа механизмдері – пәтер иелерінің бірлестігі мен жай серіктестікке өту көрсеткіші қалада 100 пайызды құрайды, деді әкім. Айта кету керек, өткен жылы қалада бірмиллион шаршы метрден астам тұрғын үй берілген болатын. Биыл да осы межеден асу жоспарланып отыр (1060 мың ш.м, өсім — 4,7%).Оның ішінде бюджет есебінен 51 көпқабатты тұрғын үйді (2972 пәтер, 239,3 мың ш.м) пайдалануға беру жоспарлануда. Баспана кезегінде тұрған азаматтарға әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз негізде 500 млн. теңгеге 500 тұрғын үй сертификаттарын беру қарастырылды. Одан бөлек, қала тұрғындарының ұсынысы бойынша 18 көпқабатты тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жүргізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасымен көпқабатты тұрғын үйлердің бірлестіктері немесе жай серіктестікті енгізу жөніндегі реформасы 100 пайыз іске асырып, «Бір үй – бір бірлестік – бір шот» қағидасы бойынша тұрғын үйді басқару жүйесі Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің барлығына енгізілгенін айта кету керек.