МЕДИАЦИЯ – ДАУДЫ ШЕШУДІҢ ЕҢ ЖАҚСЫ ТӘСІЛІ

76
0
Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында медиация қызметін дәріптеу және психологиялық қолдау бағытында Мирас университетінің жастары арасында кездесу өтті.
Медиация – бұл адам құқығына, бостандығына құрметті арттыруға, өркениетті азаматтық және тұлғааралық қатынастарды қалыптастыруға, қоғамдық келісімді нығайтуға, конструктивтік сұхбат жолымен әлеуметтік, өзге де келіспеушіліктерді, жанжалдар мен дауларды шешуге бағытталған институт. Түсіндірме жұмыстарына «ЕуроАзиялық медиация орталығы» қоғамдық бірлестігі атынан кәсіби медиаторы Пилецкая Юлия Николаевна және «ЕуроАзиялық медиация орталығы» қоғамдық бірлестігі атынан кәсіби медиаторы Зоя Сергеевна қатысып, жастарға «Медиация» ұғымы мен қызметін кеңінен дәріптеді. Жалпы қазіргі таңда еліміздің әрбір облысында жастар орталықтары құрылған. Онда өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына септін болатын маңызды жобалар жасалып, өзекті мәселелері шешімін тауып жатады. Мәселен, Шымкент қаласындағы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жыл сайын көптеген тың бастамалар көтеріліп жатады. Айта кету керек, үшінші мегаполисте жастарды жұмыспен қамтуды және түрлі мемлекеттік бағдарламаларды насихаттауды көздейтін ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жалғасуда. Біраз уақыттан бері белсенді жастар қаладағы бірқатар адамдар жиі шоғырланатын орындарға барып, жастармен тілдесіп, сұрақтарына жауап беруде. Мемлекеттік бағдарламалардың арқасында қандай мүмкіндіктер бары, кәсіп бастап қалай жетістікке жетуге болатыны талқылануда. Өз кезегінде, осы мүмкіндіктерді пайдала отырып, өзімен қатар өзгені де жұмыспен қамтып жатқандардың қатары қалың. Мұны бұған дейін де жазған болатынбыз. Бастысы — мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаудан шет қалмай, мүмкіндікті пайдалану керек.