ҚАЛАНЫҢ ОРТАЛЫҚ КӨШЕЛЕРІНЕ ЖАҢА ҚОҚЫС ЖӘШІКТЕРІ ОРНАТЫЛДЫ

70
0
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының орталық көшелерінде қоқыс жәшіктері жаңартылуда. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, Әл-Фараби ауданы аумағындағы орталық көшелерге биылғы жылы 200 дана қоқыс жәшігі орнату жоспарланып, қазіргі таңда оның 40 данасы жаңартылды. Келесі жылы аудан бойынша 200 қоқыс жәшігін орнату жоспарланған.
Қоқыс жәшіктері қаламыздың көркіне сән беру мақсатында ерекше дизайнды, әрі көлемі үлкен етіп таңдалған. Айта кету керек, жуырда Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Ақтас-1 елді мекеніндегі қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында болып, ондағы жұмыстармен танысты. Қазір мұнда 300 мың тонна қалдық топырақпен көмілді. Екінші қабатты жабуға 100-ге жуық адам, 20 техника жұмылдырылып отыр. Бұл жұмыстар 20 сәуірде толық аяқталады. «Құрылыс қалдықтарына арналған қоқыс алаңшасын мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыстар жүргізіңіздер. Қалдықтарды сұрыптайтын, өртейтін кешендер салатын инвесторларды тарту қажет» — деді қала басшысы. Қоқыс толығымен көмілген соң аумаққа 2000 түп ағаш отырғызу жұмыстары жүргізіледі. Жалпы 2050 жылға дейін қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеуді 50 пайызға жеткізу мақсаты белгіленген. Осы орайда, Шымкент қаласында алдағы уақытта қоқысты қайта өңдейтін өндіріс орны пайда болмақ. «Waste2Energy» ЖШС бас директорының кеңесшісі Әбдіманап Жұмаділдаевтың айтуынша, аталған зауытта алдағы уақытта жылына 200 мың тоннаға дейін қалдық жағылады. Осының арқасында электр энергиясы өндірілмек. Оның көлемі жылына – 15,2 МВт. Бұл туралы мекеме басшысы «Зауыттан шығатын өнеркәсіптік қалдықтар экологиялық талаптарға сай болады және стандарттардан аспайды. Біздің зауыт барлық еуропалық стандарттарға сәйкес келеді, біз одан да әрі қарай дамып, тазалаудың тағы екі кезеңін қостық. Сонымен қатар, автоматтандырылған бақылау жүйесі орнатылады. Яғни, құбырға сенсорлар орнатылып, мамандарымыз онлайн режимінде көрсеткіштерді бақылайды. Егер қалдықтардағы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясы асып кетсе, бұл кәсіпорынның барлық жүйелерді тазарту үшін дереу тоқтатылатынын білдіреді» дейді. Зауыт толық іске қосылса, қаладағы экология мәселесін оңтайландыруға да сеп болмақ. Жалпы дамыған елдерде аталған сала табысты кәсіпкер айналып үлгерген. Мәселен, Швецияда күл-қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтардың 99 пайызы жинап әкетіледі. Шведтер мұнымен шектелмей, көрші елдердің қаңсықтарын да сатып алатын болып шықты. Әлемдегі тәжірибелерге сүйенсек, Франция, Жапония, Қытай сынды «жасыл экономика» қағидаттарын ұстанған мемлекеттерде тұрмыстық қалдықтар – табыс көзі. Бұл ел­дерде үйіліп жатқан қоқыс үйінділерінен түр­лі бұйымдар шығарылып, күнделікті тұрмыс­қа қажетті өнімдер төрткүл дүниеге таралады. Жаһандану жайлаған қоғамда табиғи ресурс­тар азайып, қоршаған орта ластанғандықтан адамзат үшін «жасыл экономикаға» көшу міндетті болып отыр