ЗАҢ — ҚОҒАМ ТІРЕГІ

64
0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқықтары саласындағы шараларды кеңейту туралы Жарлыққа қол қойып, адам құқықтары саласындағы одан арғы шаралары туралы 2021 жылғы 9 маусымдағы Жарлыққа қосымша тармақ енгізді. Онда адам құқықтары мен заңның үстемдігі саласындағы одан әрі шаралар жоспарын бекіту туралы айтқан болатын.
Осы орайда, Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Мирас колледжі жастары арасында «Заң алдында бәрі тең» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесуге Тұран ауданының полиция капитаны Берік Қанаев қатысып, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында бірқатар заңдар жөнінде айтып берді. «Қазіргі таңда жастар арасында жасалынып жатқан қылмыстарда аз емес. Темір тордың артында отырған өздеріңізбен қатарлас, тіпті жасы кіші жасөспірімдерде бар. Олардың баршасыда жасаған қателіктеріне өкінеді. Болашақтарыңыздың жарқын болуын қаласаңыздар, заңға қайшы келетін әрекеттерден бас тартыңыздар» — деді полиция капитаны Берік Қанаев. Сонымен қатар, Шымкент қаласы аумағында өтіп жатқан рейдтік іс-шараларға тоқталып, түнгі уақыттарда кәмелет жасына толмаған жастардың заңды өкілінсіз жүруінің қауіп-қатерін жеткізді. Айта кету керек, бүған дейін Шымкент қаласында 16 қыркүйек күні «World clean up day» — «Дүниежүзілік тазалық күнінде» «Киелі табиғат» бірыңғай республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік іс-шарасы өтті. Сайрам тұрғын алабындағы тарихи орындарға арнайы ұйымдастырылған тазалық акциясына қала жастары қолдау көрсетіп, белсенділік танытты. Дәстүрлі экоакцияға ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма қызметкерлері, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер, қала жастары және эковолонтерлер қатысты. Іс-шарада қала жастары тұрғын алаптағы Сайрам қалашығы (Исфиджаб), Абдель-Азиз баб, Ибрагим-ата кесенесі, Қожа Салих кесенесі, Мірәлі баб кесенесі, Қарашаш ана кесенесі, Қызыр мұнарасы тарихи нысандарында тазалық жұмыстарын жүргізіп, киелі орындарды аралады. Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Сәкен Шәкеев экологиялық акцияның тәрбиелік мәні зор екенін атап өтті.