СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУДАН БАСТАЛАДЫ

3429
0

Сыбайлас жемқорлық – қоғамдық індет. Талай жылдан бері шешімі табылмай келе жатқан кеселмен күрес шаралары бүгінде қарқынды жүргенімен, мәселе ушығып-ақ тұр. Сондықтан мұндай түйткілмен күресу үшін қоғамдық сана жаңғыруы керек. Яғни өскелең ұрпақ аталған мәселеден жиренсе ғана, әлеумет арасында өзгеріс байқалады. Сондықтан қазіргі уақытта жастар да сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық пікірді дамыту мақсатында түрлі бастамаларды көтеріп келе жатыр. Соның бірі – ақпараттық-түсіндірме жұмыстары. Бұл бағытта Түркістан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» мамандары жыл басынан бері түрлі кездесулерді өткізіп келе жатыр.

Мәселен, жуырда облыс орталығындағы Қазыбек би атындағы №14 мектепте арнайы жиын өтті. Түркістан қаласы әкімдігінің «Ішкі саясат» бөліміне қарасты «Жастар ресурстық» орталығының мамандары Жұмашев Қанатбек пен Мәжитова Несібелі Пернебайқызы  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында 10-11 сынып оқушыларына түсіндірме жұмысын жүргізді. Жұмашев Қанатбек  «Жемқорлық – індет, оның алдын алу міндет» екенін, ол — мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына, елдің қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, жүргізіліп жатқан экономикалық және әлеуметтік реформаларға кедергі келтіретінін түсіндірді. Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлау – әрбір азаматтың ісі, егер құқық бұзушылықтың куәсі болсаңыз, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің  «CALL – 1424» орталығына хабар беруге болатынын, «Сыбайлас жемқорлық туралы қалай дұрыс хабарлау керек?» екенін, яғни «не талап етті?», «қашан орын алды?», «Қайда орын алды?», «Не үшін?» екенін ретімен айту керек екенін ұғындырды. «Парақорлық пен әділетсіздік – қазақтың түбіне жететін ауыр дерт. Оны тек таза ниет пен адал істермен жеңуге болады. Сондықтан сіздерге ар-намысты жоғары қоятын,  жүректерің елім, жерім деп соғатын азамат болып өседі деп сенімін» деп қорытындылады маман өз сөзін.

Мәжитова Несібелі Пернебайқызы  слайдтар арқылы адалдық жүрген жерде адамдық жүретінін, адалдық, парасаттылық, әділдік пен сенім деген адами құндылықтарды бойына сіңіруі үшін халқымыздың  ғұлама ойшылы, ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының еңбектеріндегі адал еңбекті, адал  ара-қатынасты  өмірлік ұстаным етуге кеңес берді. Абайдың отыз үшінші қара сөзіндегі «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі — сол» және «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп жастарды адал жүріп, адал тұруға және адал еңбек етуге шақырды. Оқушыларға елі үшін аянбай еңбек ететін, қызмет пен мансап қуалаудан бұрын — ар-ұят пен патриоттық сезімді алға қоятын азаматтар шығады деп сенім білдірді. Оқушылардың қойған сұрақтарына толық жауап берді. Мектеп директоры Жақсыгүл Сүлейменова   сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуда оқушыларға айтқан ақыл кеңестері үшін арнайы келген мамандарға  алғысын білдірді. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Адамдық борышың, Халқына еңбек қыл. Ақ жолдан айнымай, Ар сақта, оны біл. Талаптан да білім мен өнер үйрен, Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл» деп білім мен өнерді қатар игеріп, оны да болашақта адал жолда жұмсауға, адамдық борыш – ар үшін қызмет ететін азаматтар болуға шақырды.

Жалпы сыбайлас жемқорлық сынды кеселді мәселемен күресте қоғамның бірлігі мен ынтымағы аса маңызға ие. Өйткені бұл пара беру мен алу, сыбайласу қалыпқы құбылыс саналған қоғамда мұндай түйткілдердің түйіні ешқашан тарқамайды. Сондықтан оңы мен солы қалыптаспаған мектеп жасындағы балаларға мұндай түсіндірме жұмыстарын жүргізудің маңызы айрықша.

Айта кету керек, сыбайлас жемқорлық ірілі-ұсақ болмайды, оның әрбір қадамы елімізге елеулі залал келтіретін кесел. Өз жұмысыңыздың жеке бас пайдаңызға емес, заңдылық пен адалдыққа бағытталуға тиіс екендігіне есте сақтаңыз.Ешқандай жеке мүдде қоғам мүддесінен жоғары емес. Мемлекеттік қызмет – бұл абырой мен артықшылық қана емес, қоғамның болашағы үшін жауапкершілік. Әрбір сыбайлас жемқорлық жағдайы – біздің елімізге, оның экономикасына және қоғамға соққы. Бұған жол бермеңіз, адал әрі парасатты болуға ұмтылған жөн. Сыбайлас жемқорлықпен күрес — еліміздің болашағына төнетін қауіпті жою. Адалдық және парасаттылық – әр мемлекеттік қызметшіге тән болуға негізгі қасиет. Елімізге Сіздің жанқиярлығыңыз бен адалдығыңыз қажет. Қоғамымыздың жарқын болашағын қамтамасыз ету үшін, сыбайлас жемқорлықпен күресіңіз. Сыбайлас жемқорлық – бұл біздің қоғамға төнген қауіп қана емес, әдемі әлемде өмір сүруге міндетті болашақ ұрпақ үшін жоғары қауіп-қатер. Сыбайлас жемқорлықты көре-біле тұра үндемейтіндердің барлығы осы зұлымдықтың қатысушысына айналады. Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін 4000 АЕК-ке дейін (14 млн теңгеге дейін) ақшалай көтермелеу көзделген — call-орталық 1424 (қоңырау шалу тегін). Яғни сыбайлас жемқорлық сипатындағы бұзушылықтарға тап болған жағдайда, Сіз сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 call-орталығына жүгіне аласыз (қоңырау шалу тегін). Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы шараларды қабылдамау – заңнамамен көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. Ал мемлекет қаражатын жымқыру – жазаланбай қалмайтын қылмыс. Игіліктерді (ақша, бағалы қағаздар, демалуға немесе емделуге жолдамалар, жұмыстар және басқа да қызметтер) заңсыз алу үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ұмытпаңыз. Сыбайлас жемқорлықпен және бюджет қаражатын жымқырумен күрес – бұл қоғамдағы әділдік пен теңдік үшін күрес. Осындай құқық бұзушылықтар үшін әркім бұлтартпас жазаға тартылады. Парақорлыққа делдал болғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Пара алу, беру және парақорлықтағы делдалдық – қылмыс. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін, 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзушылық мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарға жұмысқа орналасуға өмір бойы шектеу қоюға әкеп соғады. Ақша, бағалы қағаздар, демалуға немесе емделуге жолдамалар, жұмыстар мен өзге де қызметтерді алу – заңсыз игіліктерге жатады. Лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген. Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқаны үшін, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген. Заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі келтіргені үшін, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағы бар. Сондықтан сыбайлас жемқорлықты қалыпты құбылыс емес, қылмыс ретінде қарастыру керек. Мұны ұмытуға болмайды!