ТҮРКІСТАНДА «ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ АЛАЯҚТЫҚ ПЕН ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ» БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОПТЫҢ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Түркістан қаласы Сабыр Рахимов атындағы жалпы білім беретін мектеп “Жастар арасындағы интернет алаяқтық және құқықбұзушылық,қаржы пирамидасына қарсы күрестің, лудомания, алдын алу” «Тұрмыстық зорлық-зомбылық қоғам дерті бойынша ақпараттық-насихаттық топтың кездесуі өтті. Іс-шараға мектеп оқушылары қатыстып, қоғамдағы тәртіптің жай-күйі бойынша бейнероликтер көрсетіліп, мәліметтер берілді.
Кездесуді Ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің инспекторы Салтанат Ержанқызы жүргізді. Ол жастарға алаяқтық әрекеттер мен қаржы пирамидаларының зардаптары туралы түсіндіріп, сол арқылы жасөспірімдерді осындай құқықбұзушылықтарға қарсы әрекет жасауға шақырды. Бұдан өзге, жастарға құқықтарын қорғау, заңды білудің маңызы, сондай-ақ қоғамдағы жауапкершілікті сезінудің қажеттілігін атап өтті.
Бұдан өзге жиынға Түркістан ҚПБ ЖПҚ ЮПТ УПИ полиция ага лейтетанты Абдукаримов Айбек Абдукалыкулы , Түркістан ҚПБ ЖПҚ ЮПТ УПИ аға полиция майоры Жаңбыршы Ақжал Тәуекелұлы қатысты. Олар жастарға құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша кеңестер берді. Полиция қызметкерлері құқықбұзушылықтарды болдырмау, жастар арасындағы тәртіпті сақтау мақсатында атқарылатын жұмыстар туралы ақпаратпен бөлісті. Олар өз сөздерінде құқық қорғау органдарының қоғаммен тығыз байланыста жұмыс істейтініне, жастарға қауіпсіз орта қалыптастыру үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланатынына назар аударды.
Кездесу барысында қатысушыларға қоғамдағы тәртіптің жай-күйі бойынша бейнероликтер көрсетіліп, нақты мысалдар келтірілді. Мұндай видеоматериалдар жастардың құқықбұзушылықтардың салдарын түсінуіне, сондай-ақ өздерінің құқықтары мен міндеттерін білуіне септігін тигізді.
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Есенкулова Тәттігүл Амангелдіқызы бұл шараның маңыздылығын атап өтіп, жас ұрпаққа құқықтық білім мен тәрбие берудің қажеттілігін айтты. Ол жастарды білім алуға, заңды сыйлауға, жауапкершілік сезімін дамытуға шақырды.
Кездесудің қорытындысында, қатысушылар құқықбұзушылыққа қарсы күрес, қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелеріне қатысты пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді. Мұндай ақпараттық-насихаттық шаралардың жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, тәртіп бұзушылықтардың алдын алу мақсатында маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.
Жалпы, Түркістан қаласында жастарға құқықтық білім беру, әлеуметтік проблемаларды шешу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қоғамдағы тәртіпті нығайту мақсатында атқарылып жатқан шаралар жалғасуда. Мұндай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға, қоғамда тұрақтылық орнатуға бағытталған.