ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ТҮЙТКІЛДЕР ТАРҚАТЫЛДЫ

AMANAT партиясының аймақтардағы қоғамдық қабылдаулары – халық пен билік арасындағы ең тікелей байланыс алаңының бірі. Бұл жолы Тұран аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Есімхан Бертаев тұрғындарды қабылдап, олардың күнделікті өмірде жиі кездесетін әлеуметтік-экономикалық мәселелерін тыңдады. Қабылдауда инфрақұрылым, жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек пен тұрғын үй түтйкілдері тарқатылды. Бұл мәселелердің әрқайсысы аймақ халқы үшін аса өзекті әрі шешімін күткен сұрақтар екендігі анық.

Алдымен инфрақұрылым мәселесіне тоқталсақ, бүгінгі таңда қала мен ауыл тұрғындарының өмір сапасы осы бағыттағы жұмыстарға тікелей байланысты. Жол, жарық, ауыз су және интернет желісінің қолжетімділігі – заманауи қоғамдағы негізгі қажеттіліктер. Халық тарапынан айтылған ұсыныстар жергілікті билікке нақты бағыт береді. Себебі инфрақұрылымға салынған әрбір инвестиция әлеуметтік-экономикалық дамудың ұзақмерзімді кепілі саналады. Жұмыспен қамту мәселесі де тұрғындарды алаңдататыны белгілі. Бұл тек табыс көзі емес, сонымен қатар азаматтардың қоғамдағы орны мен әлеуметтік тұрақтылығының негізгі факторы. Партия өкілінің айтуынша, жұмыспен қамтуға қатысты сұрақтар заң шеңберінде қаралып, тиісті мекемелерге жолданбақ. Бұл қадам мемлекеттік бағдарламалардың жергілікті деңгейде қаншалықты тиімді жүзеге асырылып жатқанын бағалауға мүмкіндік береді. Әсіресе жастарды жұмыспен қамту мен кәсіби даярлық – аймақтық даму үшін маңызды бағыт.

Әлеуметтік көмек алу мәселесі – халықтың әлсіз топтарын қолдау саясатының айнасы. Қабылдауға келген азаматтар өздерінің әлеуметтік жағдайына қатысты өтініштерін жеткізді. Бұл – халықтың әлеуметтік қорғау тетіктеріне деген сенімі бар екенін, бірақ кейде жүйенің тиімділігі мен қолжетімділігіне байланысты сұрақтардың туындайтынын көрсетеді. Атқарушы хатшының әрбір өтінішті заңға сәйкес қарастырып, тиісті органдарға жолдайтыны – партияның жауапкершілік ұстанымын көрсететін жайт. Тұрғын үй мәселесі де – Қазақстан қоғамындағы ең күрделі әлеуметтік сұрақтардың бірі. Әсіресе жас отбасылар мен көпбалалы жанұялар үшін баспаналы болу арманы – күн тәртібінен түспейтін мәселе. Партияның жергілікті қабылдау бөлмелерінде осындай сұрақтардың көтерілуі жүйелі жұмыс жүргізуді қажет ететінін айғақтайды. Жалпы алғанда, Есімхан Бертаев жүргізген қабылдау тек тұрғындардың жеке өтініштерін қараумен шектелмейді. Бұл – мемлекеттік органдардың қоғам алдындағы ашықтығы мен есептілігінің көрінісі. Партия өкілдері айтылған ұсыныстарды тиісті мекемелерге жеткізіп қана қоймай, олардың орындалу барысына бақылау жасаса, халықтың сенімі арта түсер еді.