ОҚУШЫЛАРҒА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

2025 жылдың 18 қарашасында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы №108 жалпы орта білім беретін мектебінде маңызды әлеуметтік-тәрбие шарасы өткізілді. Бұл іс-шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының қауіпсіздік, құқықтық сауаттылық және әлеуметтік жауапкершілік бағыттарымен тығыз байланысты. Жиынның негізгі мақсаты — жасөспірімдер арасында радикалданудың алдын алу, керағар діни ағымдар мен секталардың қауіптілігіне түсіндіру, сондай-ақ қоғамда терроризмге қарсы көзқарасты қалыптастыру. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың, қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау және тұрғындарды құқық бұзушылыққа итермелейтін себептер мен жағдайларды азайту арқылы әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету болды.
Жиналысқа Қаратау ауданы әкім аппараты әлеуметтік қорғауға қолдау көрсету бөлімінің өкілдері — Абылов Нұрбол, Әділханов Байкен, Сайрам тұрғын алабы төбе би орынбасары Шерметов Байахмат, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ бөлімінің басшылары Әбдікерім Нуржан, Бөрібаев Тимур, Дін істер басқармасынан теолог маман Әбдіманап Нұрхан, Психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігері Табылдиева Ақерке Елшібекқызы, сондай-ақ ДТЖЖО өкілдері Дилшад Нуралиев, Султанбай Юнусалиев және Дилмира Джаматовалар қатысты. Жиын 8-11 сынып оқушылары үшін ұйымдастырылды. Жиналыс барысында арнайы теолог мамандар жасөспірімдерге жат діни ағымдарға еріп кетпеу, күдікті кітаптардан аулақ болу, белгісіз сайттар мен адамдардан сақтану керектігін түсіндірді. Сонымен қатар, отбасыда зорлық-зомбылыққа тап болған жағдайда қай мекемелерге хабарласу қажет екендігі нақты көрсетілді. Психологтар мен нарколог мамандар нашақорлыққа қатысты заттарға әуестенбеудің маңызын түсіндірді, жасөспірімдерге дұрыс өмірлік таңдау жасауға көмектесетін кеңестер берді. Шарада ұлтаралық татулықты сақтау, қоғамдағы бейбіт өмірге үлес қосу, өз құқықтарын білу және оларды қорғау мәселелері де жан-жақты қаралды. Әр маман өз саласы бойынша кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оқушыларға нақты мысалдармен түсінік берді. Сонымен қатар, құқық бұзушылыққа итермелейтін қауіпті жағдайлар мен олардан сақтану жолдары туралы ақпарат берілді.
Бұл жиналыс жасөспірімдерді қауіпсіздік мәдениеті, құқықтық сауаттылық және азаматтық жауапкершілік тұрғысынан тәрбиелеуге бағытталған маңызды іс-шара болды. «Адал азамат» бағдарламасының принциптері аясында өткізілген шара оқушылардың саналы, жауапты, заңға бағынатын және қоғамда қауіпсіздік пен татулықты сақтау жолындағы белсенді азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.

