АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕРДІ ДӘРІПТЕГЕН ШАРА ӨТТІ

2025 жылғы 13 қарашада Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы №108 жалпы орта білім беретін мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Досбол LIKE» жобасы бойынша 9 “Г” сынып оқушылары үшін «Достық құндылығы» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Бұл шара Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен Білім басқармасының 2025 жылғы 5 қарашадағы хатына сәйкес, оқушылар арасындағы буллингтің алдын алу және достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында өткізілген республикалық «ДосболLIKE: достық қолын ұсын!» акциясының құрамдас бөлігі болды.

Іс-шараны 9 “Г” сынып жетекшісі Шахноза Миркасимова ұйымдастырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге бағытталған. Кездесу барысында оқушылар өз жұмыстарында достықтың мәні, бірлік пен өзара сыйластықтың маңыздылығын бейнелеп көрсетті. Әр сурет немесе шығармашылық жұмыс оқушылардың ішкі ой-пікірін көрсетіп, олардың эмоциялық интеллектін және әлеуметтік сезімін дамытуға ықпал етті. Іс-шара барысында оқушылар өз шығармалары арқылы достыққа, сыйластыққа, бір-біріне қамқор болуға үйренді. Бұл тәжірибе мектептегі позитивті қарым-қатынас мәдениетін нығайтып, оқушыларға өз достары мен сыныптастарына қолдау көрсету, қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік берді. «Достық құндылығы» тақырыбындағы іс-шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі мақсаттарымен үндесіп, жас ұрпақтың адамгершілік қасиеттерін, әлеуметтік жауапкершілігін және достыққа негізделген ортаны қалыптастыруға бағытталған. Оқушылар көрмеден алған әсері арқылы өз достарына құрметпен қарауды, бір-біріне қамқор болуды және қоғамдағы ізгілік пен өзара қолдауды насихаттауды жалғастырады. Бұл іс-шара «Досбол LIKE» бағдарламасының негізгі бағыты — оқушылар арасындағы сыйластық, мейірімділік және достық қарым-қатынасты нығайтуға, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін жетілдіру арқылы адамгершілік құндылықтарын бойына сіңіруге арналған маңызды тәжірибе болды.

Айта кету керек, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы 2025-2026 жылдан бастап барлық мектептерде енгізілді. Аталған бағдарламаның мақсаты – оқушыларға адалдық, еңбекқорлық, патриотизм қасиеттерін сіңіру, мектеп пен қоғам арасындағы байланысты нығайту.