Өмірзақ Мелдехановтың Оңтүстіктегі ықпалы мен беделі қандай?
Өмірзақ Мелдеханов Оңтүстік Қазақстан облысындағы кең жүректі азаматтардың қатарынан саналады. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген қағиданы өмірлік ұстанымына айналдырғандығынан болар, «Нұр Отан» ХДП-ның ол басшылық жасайтын Шымкент қалалық филиалының атқарып жатқан тірліктері жалғыз облыс көлеміне ғана емес, республикаға үлгі. Шындықты бетке айтатын, қоғамдағы түрлі әділетсіздіктермен күресіп жүрген азаматқа қалың бұқара айрықша сеніммен және үмітпен қарайды. Биыл облыстық мәслихат сайлауында Ө.Мелдехановтың асығы алшысынан түскенде, жалпақ жұрттың «Нағыз халық қалаулысы сайланды» деп бөркін аспанға лақтырғанын көргенбіз. Міне, елдің аузындағы осы азаматтың шынайы бет-бейнесі туралы материал газетіміздің алдағы сандарының бірінде жарық көрмек.