«ОТЫРАР ЖӘДІГЕРЛЕРІ» ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ
Жуырда «ШЫҢ» баспаханасынан жоғарыдағы тақы¬¬ры¬¬¬бының өзінен айқын көрініп тұрғанындай «Оты¬рар жә¬¬¬¬¬¬дігерлері» атты 304 беттен тұратын үлкен фор¬мат¬тағы оқы𬬬¬-мандарына берері мол жинақ жа¬рық көрді. Елбасы¬мыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың баталы сөзімен жарық көріп, төменде кітаптың алғысөзінде баяндалғандай киелі өңіріміз туралы кеңінен сыр шертетін бұл жинақ әлі талай-талай ұрпақтардың танымдық қабілетін арттыратын құнды дүние болады деп сенеміз.
* * *
Орталық Азия халықтары орта ғасыр дәуірінде жоғары дәрежедегі жарқын мәдениет жасай білді. Отырар, Тараз, Сайрам сияқты тағы басқа қалалар ірі-ірі мәдени орталықтарға айналды. Оларда сол кезеңдегі жергілікті дәстүрлерді дүниежүзілік мәдениеттің ең жоғарғы жетістіктерімен бірегей шебер ұштастыра білген энциклопедист Әбу Нәсір әл-Фараби, математик әрі астроном Аббас Жауһари сияқты тамаша ғалымдар өмір сүріп, еңбек еткен.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев,
Қазақстан Республикасының Президенті.
* * *
Ежелгі Отырар қаласының дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесі, ондағы алған орны бұл күнде бүкіл әлемге айқын болып отыр. Археологиялық қазба нәтижелері том-том болып жарық көрді. Алайда, қол жеткенмен тоқтап қалу ғылым мен танымның тоқырауына әкеліп соқтырған болар еді. Осы орайда авторлардың ұсынып отырған тлымды еңбегі Отырар тарихының үзілмес арқауы іс¬пет¬¬ті. Қазақтың біртуар перзенттерінің мұралары, кө¬н嬬нің көзіндей, асылдың сынығындай жауһар жәді¬герлер ұр¬¬паққа өсиетті аманатпен жинақталған осы альбом кітап арқылы Отырар өлкесін ғана емес, қазақ халқының тарихи беттері толықтырылып отыр.
Отырар аудандық әкімшілігінің демеушілігімен жарық көріп отырған бұл альбом кітап Отырар өркениеті қалыשּׁтастырған заттық-тұрмыстық және рухани мәдениет ту¬¬ралы жинақты сыр шертеді. Онда Әбу Нәсір әл-Фараби және оның арғы-бергі ізбасарларының қолжазбалары мен тасбаспа мұралары, олардың өзі және отбасы тұтынған мүліктер, басқа да археологиялық-этнографиялық қол¬өнер бұйымдары, шаруашылық құрал-саймандары, Оты¬¬ра𬬬дың құпия көмбелері, сондай-ақ 1930 жылға дейін Арыс¬¬¬танбаб кесене-мешіті жанында рухани ағарту ошବғы болған ша¬ғын мұсылман кітапханасы туралы да сөз бо-лады.
Кітаптағы иллюстрациялық материалдар негізінен Оты¬рар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі мен «Ру¬ханият — Әбу Нәсір әл-Фараби музейі» мемлекеттік ко쬬¬муналдық қазыналық кәсіпорнының қорында, сон¬дай-ақ жеке кісілердің қолында сақталған қолөнер бұ¬йымдарының түпнұсқасынан, фотосуреттерден түсі¬ріліп пайдаланылды.
Альбом-кітап ежелгі заттық және рухани мұраны қастерлейтін көпшілікке арналған.
* * *
Қазақтың ұлан-байтақ жерінің қай өлкесі болса да қасиетті де киелі. Әрине, олардың қатарында біздің Оты¬¬¬¬рар өңірі де ең алдымен ауызға алынатындығымен мақтана аламыз. Топырағын түртіп қалсаң көне тарихтан сыр шертіп шыға келетін шежіреге тап боласыз. Осындай баға жетпес құндылықтар қақында әлденеше кітаптардың жарық көргендігін жақсы білеміз.
Ауданымыздың бұ¬¬рынғы әкімі, күні кешеге дейін Пар¬ламент Сенатының де¬путаты болып қатарынан екі рет сайланған көрнекті ме쬬¬лекет және қоғам қайраткері Қуаныш Айтаханов пен қବлың қазақ елінің игілігі үшін қатпар-қатпар шежірелерді ерінбей-жалықпай жинақтап жүретін таны¬мал тарихшы Абдулла Жұмашевтің авторлы¬ғымен жарық көріп отырған мына «Отырар жәдігерлері» атты жинақтан жұртшылықтың қасиетті өлкеміз жөнінде кең мағлұматтар алатындығына кепілдік бере аламыз.
Рысбек Құлжан.