ҚАЛА ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК МӘСЕЛЕСІ ЖЫЛ АЯҒЫНА ДЕЙІН ТОЛЫҚ ШЕШІЛЕТІНІН АЙТТЫ

210
0

Шымкентте 1200 қоғамдық көлік бар. Бірақ олардың тең жартысынан астамы ескірген, тозығы жеткен. Сонымен қатар көпшілігінің іші жолаушылар үшін ыңғайлы емес. Жыл аяғына дейін Шымкентте 1000 жаңа автобус сатып алынады. Соның негізінде қоғамдық көлік мәселесіне қатысты мәселенің барлығы толықтай шешілетін болады.

 

Бұл туралы бүгін қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов өзінің 2018 жылы атқарған жұмысы бойынша тұрғындар алдындағы есепті кездесуінде айтты.

Сонымен қатар ол, жыл аяғына дейін алынатын 1000 жаңа автобус қоғамдық көлік қызметін түбегейлі шешіп қана қоймай, 3000 жаңа жұмыс орнының ашылуына ықпал ететінін де мәлімдеді.

uakit.kz