ПІТІР САДАҚАНЫ KASPI.KZ ҚОСЫМШАСЫ АРҚЫЛЫ БЕРУГЕ БОЛАДЫ

251
0

Қасиетті Рамазан айында пітір садақаны үйден шықпай-ақ, kaspi.kz мобильді қосымша арқылы төлеуге болады.

Бұл туралы Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы хабарлайды.

Ол үшін смартфоныңыздағы kaspi.kz мобильді қосымшасын ашып, «Платежи» (төлемдер) бөліміне өту қажет. Осы жерден екі түрлі әдістің бірін қолдану арқылы төлем жасай аласыз.

1) Іздеу алаңына «Садақа» сөзін жазсаңыз, автоматты түрде «Пітір садақа» деген бөлім ашылады. Сол жерден өзіңіздің өңіріңізді таңдап, «Пітір садақа» төлем түрін басыңыз.
2) «Платежи» (төлемдер) дегенге кіріп «Все» (барлығы) дегенді басасыз. Содан кейін «Новые услуги» (жаңа қызметтер) бөліміне кіріп, «Пітір садақа» төлем түрін басыңыз.

Биылғы пітір садақа құны адам басына 370 теңге болып бекітілгенін қаперіңізге саламыз. «Сумма» деген жерге кемінде 370 теңге құнын енгізіңіз. Одан кейін «Выбор счет для оплаты» (төлем жасау шотыңызды) таңдап, пітір садақаңызды ешқайда шықпай-ақ үйде отырып бере аласыз.

Бұл жоба Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен  Kaspi bank басшылығы арасындағы келісім бойынша Рамазан айында жүзеге асырылады.

Толық мәліметті https://youtu.be/kENKkDHMZ_k сілтемеге өту арқылы біле аласыз.

uakit.kz