Серік Сәпиев қызметінен неге кеткенін айтты

732
0

Белгілі спортшы Серік Сәпиев мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметінен босатылуына қатысты пікір білдірді.

«Достар! Мен спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасы қызметінен өз еркіммен кетуге шешім қабылдадым. Мен осы қызметті атқарған жылдары жанымда көмек еткен барша басшыларға және әріптестеріме алғысымды білдіремін! Алайда еліміздің спорт саласында еңбек ететін боламын», — деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Серік Сәпиев спорт және дене шынықтыру істері комитетінің басшылығына 2019 жылдың қаңтарында келген.

Серік Сәпиев – бокстан Лондон Олимпиадасының чемпионы (69 келіге дейін), Вэл Баркер кубогының иегері, екі дүркін әлем чемпионы (2005, 2007).

Қазақстандық танымал боксшы 2012 жылы спорттағы жолын аяқтады.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританиядағы Брунель университетінде білімін шыңдады. 2014-2017 жылдары «Astana Arlans» кәсіби бокс клубының бас директоры болды.

2017 жылдың 28 ақпанынан 2019 жылдың 30 қаңтарына дейін – парламент мәжілісінің депутаты.

2019 жылдың қаңтарынан МСМ спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметін атқарды.