СЫРҚАТТАРДЫҢ АЛТАЙҒА АЙТАР АЛҒЫСЫ КӨП

445
0

Емшiлiк – бұл Алланың берген ерекше қасиетi. Емшiлiкке әр адам әртүрлi жолмен келедi. Бiреуiне ата-бабадан аманат болып жетсе, ендi бiрiне тылсым дүние арқылы жетедi. Адам болған соң ауырмай тұрмайсың, кейде дәрiгерлерден көре алмаған шипаны сырқаттар кәсiби халық емшiлерiнен тауып жатады. Сондықтан болар, көпшiлiктiң емшiлерге көбiрек сенiм артулары заңды да. Әр емшi бойындағы бар қасиетiн адам емдеуге, сана-сезiмiнiң сауығуына, қоршаған ортаның тазаруына бағыттайды. Олар жанды да, тәндi де емдеп қоймай, төңiрекке iзгiлiк нұрын шаша да бiледi.

Халықтық медицина — ерте заманнан, сонау тайпалық кезеңнен-ақ халықпен бiте қайнасып, бiрге жасап келе жатқан  ең көне мұрамыздың бiрi. Кешегi Кеңес дәуiрiнде халық емшiлерi қатты қысымға ұшырады, олардың iзгiлiктi iстерiне тыйым салынды, көнбегендерiн түрмеге тоғытты, атты, асты. Сонда да жасырын жолмен адам емдегендер есебiн тауып, бойға бiткен таланттарын тұсап тұра алмады. Егер өйтпесе, өздерi ауырып, қатты қиналатын. Тәуелсiздiк алған алғашқы жылдарда өлгенiмiз тiрiлiп, өшкенiмiз жанды. Халық емшiлерi заңдық тұрғыда адамдарды ашық емдеуге көштi. Ресми медицина мен халықтық медицинаның айырмасы жоқ, екеуiнiң де мақсаты бiр. Халық медицинасы жыл өткен сайын тамырын жайып, кемелдендi, толығып-толысты. Шындығы керек, күрiш арқасында күрмек боп су iшкiсi келетiндер де болды. Уақыт өте келе нағыз халық емшiлерi сүт бетiне шыққан  қаймақтай iрiктелiп, аңқау елге арамза молда болғысы келетiндер өздерi-ақ шетке ысырылып шыға бастады. Емшiлiк өнер иелерi сынақтан өттi, шыңдалды, кәсiптерiн ұштай түстi.

Мағжанның баласы Алтай да осы топтың iшiнде едi. Кезiнде әкесi ұлдарына жиi айтып отыратын. «Ең қымбат қазына – адам жанының арашашысы болу» — деп. Өзi де дәрiгер болғандықтан ба, сырқат жанды көрсе болды, өбектеп, тезiрек ем-дом жасауға асығушы едi марқұм. Үлкен ұл — Абай жоғары санатты, тәжiрибелi дәрiгер болып қалыптасса, Алтай тылсым күш иесi – емшiлiк жолға түстi. Өзi де жиi-жиi ауырып, отбасын да, ағайын-туысты да жиi әбiржiтетiн Алтай осы жолды қалай ұстанды, солай өмiрi мүлдем басқа арнаға ауды. Алдына келген әр сырқатты емдеген сайын бойы жеңiлдеп, көңiлi көкте жүретiн болды. Құдайға шүкiр, Алтайды арқа тұтып келген сырқаттардың ешбiрi оған сенiмсiздiк бiлдiрмептi. Есесiне, айтатындары тек алғыс көрiнедi.

Бүгiнде халық емшiсi Алтай Мағжанұлы Нысанов — ел таныған бiлгiр кәсiп иесi. Бұл салада жүрген оншақты жылының iшiнде ол мол тәжiрибе жинап қана қоймай, қандай өсiмдiктiң қандай сырқатқа ем болатынын, аурудың диагнозын дөп басып анықтау жолдарын шебер меңгердi. Алтайдың өзi айтады: «Осы жолға түспес бұрын мен көп қиналдым, жанымды жай таптырмайтын бiр белгiсiз күш денемдi басып-жаншып, дел-сал күйде жүрдiм. Азып-тозғаным аздай, түнi бойы кiрпiк iлмейтiн дертке шалдықтым. Бiрде есiк алдындағы орындықта отырсам, көршi шал жүре алмай, балдық сүйенiп кетiп барады екен. Амандасып, жөн сұрасам, аяғы күп боп iсiп, оның кеселiн дәрiгерлер анықтай алмай жатқан болып шықты. «Аяғым кесiледi-ау» деп уайымдап жүрген ақсақалды аяп кеттiм бе, «көршi ақысы деген болады, аяғыңызды мен емдеп көрейiн» дедiм. Бетiме бажырая қараған әлгi кiсi: – Дәрiгерлер жаза алмаған сырқатты сен қалай жазбақсың, әлде менi кекетiп тұрсың ба?» — деп ренжiгенi бар. Қоярда-қоймай үйге алып келiп көрсем, әбден уақыт өткiзiп алған. Тәуекел деп, кiрiсiп кеттiм. Құдайдың құдiретi, сол кiсi екi күннен соң балдағын лақтырып тастап, үйге арсалаңдай кiрдi де, бассалып сүйе бердi, сүйе бердi. Әлi күнге шауып жүрген сол көршiмдi жазғанымды естiген тағы бiр Акбар деген көршiм келдi.

— Алтай, белiмнiң құяңы әбден жанымды жеп бiттi. Жатсам, тұра алмаймын, тұрсам, отыра алмайтын кiрiптар жанға айналғаным қашан. Медицинадан қайран болмады, өзiң көршi,- деген соң 2-3 сеанстан соң ол да шауып кеттi. Мiне, осыдан кейiн ғана менiң де жаным жай тауып, талай жылғы арпалысым аяқталғандай болды.

Аз ғана уақытта аты да, атағы да атырапқа жайылған Алтай емшi жайлы бiр-бiрiнен естiген сырқаттар алыс-жақын аймақтардан ағыла бастады. Бедеулiк, әйелдер ауруы, бүйрек, бауыр, сүйек-буын аурулары, ойық жара, зоб, бас сақинасы, асқазан, iшек, т.б. аурулармен ауырған ондаған сырқаттар Алтайдың емiнен соң өздерiн жақсы сезiнген. Ақтөбе, Орал, Өзбекстаннан арнайы iздеп келген аурулардың арасында жас та, кәрi де, өз аяғымен жете алмай, арбағы таңылғандар да болды. Мәселен, Сәуле деген келiншек отандасқандарына 5 жыл болса да, бала көтере алмай жүргенiн, бармаған жерi, баспаған төбесi қалмағанын, егер өзiнен дәрмен болмаса, отбасы шырқы бұзылатынын айтып жылағанда Алтайдың да сыналар шағы осы болды. Бiр Аллаға сыйынып, перiштелерден жәрдем сұраған емi зая кетпептi. Алтайдың емiнен соң Сәуле балпанақтай ұл туып, үзiлейiн деп тұрған жiптiң күрмеуi бекiдi. 7 жыл көк бауырынан азап көрген Зылиха Бекiтбаева, 18 жыл сүйек-буындары iсiп, сiңiрi тартылып қалатын Орынкүл Қонысбекова да, әйелдер ауруымен ауырып, ем қонбаған Жәмила Натфуллина да дерттерiне дауа тауып, сан сыратқан сырқаттарынан айықты.

Алтайдың емдiк тәсiлi – дәрiлiк өсiмдiктерден дайындалған ұнтақтарды, тамырларды қолдану. Ол шикiзаттарды Ресейдiң Алтай өлкесiнен жинайды. Оны дайындау тәсiлiне тәжiрибелi мамандар көмектеседi. Республикалық халық емшiлерi орталығында тәжiрибеден өткен оған «Халық емшiсi» атағымен қоса, арнайы сертификат берiлген. Алтай емшiнiң емдеу тәсiлi тiрi жанға залалын келтiрмегенiн, керiсiнше, елдiң алғысына бөленiп жүргенiн шама-шарқымызша айтып өттiк. Сөзiмiздiң ақиқатын дерттерiне дауа iздеп, Алтайдың алдына барғандар айта жатар, бiздiң бәрiне де тiлерiмiз: «Жазылмайтын дерт жоқ, шипасы ем болар емшi болса».

Алтай емшiнiң мекенжайы:

ОҚО, Шымкент қаласы

Елшiбек батыр көшесi, 16-үй.

Телефоны: 57-28-86,

8-701-22-90-777.

 

Е.СӘРСЕНБИН.