ШЫМКЕНТТЕ 32 МЫҢҒА ЖУЫҚ ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ

96
0

Шымкент қаласында кадрлық әлеуетті дамыту бойынша педагогтар еңбекақысын кезең-кезеңімен жоғарылауы, өзіне тән емес функциялар мен тексерулерден босату бойынша шаралар қабылданды, материалдық ынталандырулар ескерілуде. Сонымен қатар біліктілікті арттыру курстарынан өткізу, шеберлік деңгейі бар педагогтар үлесін арттырылуда.

Қазіргі таңда, қаладағы мектептердегі педагогтардың ішінде, жалпы орта білім беру ұйымдарында біліктілік санаты бар педагогтар саны — 12 988 педагог (65,9%). 2022 жылға біліктілік санаты бар педагогтар санын белгіленген көрсеткішке (68%-ға) қол жеткізу үшін Ұлттық біліктілік тестілеуден 4 080 педагогты өткізу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда 2 657 педагог ҰБТ тапсырған. ҰБТ тапсыру қараша айына дейін жалғасатын болады. Педагог қызметкерлердің сапалық құрамын арттыру бойынша жыл сайын «Өрлеу» БАҰО Шымкент қаласы филиалында, Педагогикалық шеберлік орталығында біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылуда. 2025 жылы 85%-ға жетеді деп күтілуде және педагогтар еңбекақысы 2 есеге ұлғайып, орташа еңбекақы 300 мың теңгені құрайды деп жоспалануда. Тағы бір айта кетерлігі, 2022 жылдан бастап мектепке алғаш мұғалім болып кіру үшін біліктілік тестін тапсыру міндеттелді. Бұл да болса сапалы педагогтерді іріктеуде өз нәтижесін беретін болады. Бұдан бөлек, «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы аясында Қазақстан халқына арнаған Жолдауда көтерген «Балаларды балабақшамен қамтамасыз ету» мәселесі бойынша 2-6 жас аралығында қамту – 89%, 3-6 жас – 100% орындалды. 2025 жылға дейін 105 балабақшаны іске қосу арқылы қажеттілікті түпкілікті шешу жоспарланды. Мектеп оқушыларының саны жылдан-жылға артып келе жатыр. Соңғы бес жылда 106 мыңнан 245 мың оқушыға немесе 2,3 есеге артты. Алдағы 5 жылда 315 мыңға жуық оқушы болады деп жоспарланды. Осыған орай, 2021-2025 жыл аралығында 101 мектеп салу жоспарланған. Соңғы екі жылда 58 мектеп пайдалануға берілді.