ЕМХАНА ҮШІН ӘР ПАЦИЕНТ МАҢЫЗДЫ

88
0
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асылбеков Нұрлыбек медициналық қызмет көрсету сапасы бақылады, деп хабарлайды Uakit.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы Шымкентте жүзеге асып келеді. Қала тұрғындарының медицина саласына айтылған өтініш-тілектері тыңдалып, өз нәтижесін беруде. Осы орайда, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асылбеков Нұрлыбек “Самал-3” шағын ауданында орналасқан №6 емханаға арнайы барып, қызмет көрсету сапасын көріп, бақылап шықты.
Аталған емхана халыққа алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйым. Мұнда тіркелген халық саны 64779 құрайды..
Емхананың бас дәрігері Айгүл Орынбасарқызының айтуынша, мекеменің қызмет көрсету аумағы 38 ЖТД және 8 акушерлік-гинекологиялық аймақтарға бөлінген. Мұнда 24 мамандық бойынша мамандандырылған дәрігерлер қызмет көрсетеді. Бұған қоса 4-санатты 2 жедел жәрдем бригадасы қызмет көрсетуде. 55 төсектік күндізгі стационар бар.
Емхананың өзі үлкен екі корпустан тұрады. Бірінші корпуста үлкендерді қабылдаса, екінші корпуста дәрігерлер балаларды қабылдайды. Орталықты аралау барысында басқарма басшысы медициналық ұйымның пациенттерімен әңгімелесті. Тұрғындарды мұқият тыңдап, ұсыныстарын ескере кетті. Сондай-ақ пациенттерді қолдау қызметтерінің жұмысы да назардан тыс қалған жоқ.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында мемлекеттік органдармен тұрғындар арасында өзара іс-қимылы жүйесі оң нәтижесін беріп келеді. Қала тұрғындарына сапалы әрі қол жетімді медициналық қызметті ұйымдастыру біздің басты міндет деген басқарма басшысы бас дәрігерге тапсырмалар беріп, жүйелі жұмыс жүргізуді тапсырды.