АЙНАЛМА ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

101
0

Шымкент қаласы күн санап өсіп келе жатқандықтан көшелерде көлік кептелісін азайту бағытында айналма жолдарды дамыту жұмыстарының маңыздылығы да арта түсуде. Бұл бағыттағы жобалардан “Ленгір” тас жолынан бастау алып, “А-2 Шымкент-Ташкент” облыстық маңызы бар автожолына дейінгі аралықты қамтиды. 2021-ші жылы басталған нысанның жалпы ұзындығы – 16 шақырымды құрайды.

Қазіргі таңда “Шымкент-Ташкент” жолында қиылысатын бөлікте көпір құрылысы және жол жабыны жұмыстары жүргізілуде. Қазір жолдың 5 бөлігінде жолдың негізін дайындау жұмыстары, 4,2 шақырымына асфальт жабындысының 1-қабатын төсеу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар жолайырық аумағында, байланыс, электр қуаты, табиғи газ, сыртқы сумен қамту жүйелері орындарын ауыстыру жұмыстары қатар жүргізілуде. 2023 жылы жоба жұмыстары толығымен аяқталады. Айта кету керек, шаһар басшысы Мұрат Әйтенов бұдан бөлек Өтегенов көшесінде жалғасып жатқан жол құрылысы жұмыстарымен де танысты. Бүгінгі таңда жол құрылыс жұмыстары екі кезеңмен жүргізілуде. Бірінші кезең Шымкент Сити шағын ауданынан бастап Сырым батыр көшесі аралығын қамтитын болса, екінші кезең Сырым батыр көшесі мен Төлеметов көшелерінің аралығы қамттын болады. Былтыр яғни 2021 жылы басталған құрылыс жұмыстарына кіріскен мердігер мекемелер 2023 жылы толығымен аяқтауды жоспарлап отыр. Шымкент қаласында алдағы жылдары қанағаттанарлық автомобиль жолдарының үлесі 80 пайызға артады. Бұл көрсеткішке жету үшін 2025 жылға дейінгі көлік инфрақұрылымын дамытудың кешенді жоспары бекітілген. Осының негізінде жалпы 563 жоба қарастырылған. Кешенді жоспар аясында биыл шаһарда 348 шақырым жол жөндеу жүргізіліп, жыл соңына дейін оның 271 шақырымнан астам жол пайдалануға беріледі. Қалған жолдың құрылысы келер жылға өтпелі.