ШЫМКЕНТТЕ «KAZMEDPROM» МЕДИЦИНАЛЫҚ КОМПАНИЯ ҚОЛҒАП БҰЙЫМДАРЫН ӨНДІРУДЕ

105
0

Шымкентте өнеркәсіп өнімінің көлемі 2022 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында 666,4 млрд.теңгені немесе 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 106,7 пайызды құрады, деп хабарлайды Uakit.kz.

Шымкент қаласына республикалық қала мәртебесі берілгеннен бері шаһардағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері әлденеше есе артты. Өңірдегі өнеркәсіп дамыды. Шағын және орта бизнестің дамуына жасалған жағдайлардың арқасында мыңдаған жұмыс орындары ашылды. Осы мақсатта өңіріде бірқатар өндіріс орындары ашылып, өз кәсібін домалатып отырғандардың бірі «KazMedProm» компаниясы.
Аталмыш компания өңір экономикасының дамуына сүбелі үлес қосып келеді. «KazMedProm» серіктестігі қазіргі уақытта Қазақстан нарығында толық циклді медициналық қолғаптардың жалғыз өндірушісі болып табылады. Бұл өндіріс орын еліміздің экономикалық әлеуетін көтеруде игі ықпалы өлшеусіз. Алғашқы өндіріс орындары 2016 жылы іске қосылған. Қазақстан республикасы аумағында қолданылатын № ФД6591154DX фармацевтикалық қызметке мерзімсіз мемлекеттік лицензиясы бар. «KazMedProm» серіктестігі сапа менеджменті жүйесін әзірлеу, енгізу және үздіксіз жақсарту туралы стратегиялық шешім қабылдады және стандарттар талаптарына сәйкестікке сертификаттаудан сәтті өтті және ISO 13485:2016 және ISO 9001 сертификаттарын алды. «KazMedProm» ЖШС қызметінің негізгі түрі медициналық қолғап бұйымдарын өндіру болып табылады:

  1. Хирургиялық қолғаптар (ассортименттегі 2 атау);
  2. Диагностикалық қолғаптар (ассортименттегі 3 атау).

«KazMedProm» өндіріс орны қазіргі таңда тәулігіне 170 мың жұп медициналық қолғаптарды шығаруда. 2016 жылдан бастап «KazMedProm» компаниясы медициналық шығын материалдары нарығында жұмыс істей бастады, тек сенімді шикізат жеткізушілерімен ынтымақтаса отырып, барлық өнімдер жаңа технологияларды қолдана отырып және нарықтың соңғы үрдістерін ескере отырып дайындалады.