ҚАЛАНЫҢ ДАМУЫНА ӘРБІР ТҰРҒЫН ҮЛЕС ҚОСА АЛАДЫ

99
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығына сәйкес, өңір әкімдері жергілікті тұрғындармен кездесіп, мәселелерін тыңдап келе жатыр. Оның ішінде Шымкент қалысының әкімі Мұрат Әйтенов есепті кездесу өткізумен қатар, қалаға қарасты әрбір шағынаудан мен елді мекеннің тұрғындарымен тілдесіп, көптің ойын тыңдап келе жатыр. Көтерілген мәселелер бойынша хаттамалар толтырылуда. Бұдан бөлек, қоғам белсенділері де шаһар басшысымен жолығып, көкейінде жүрген ойларын ортаға салуда.

Мәселен, жуырда шаһар басшысы қаланың дамуы мен тазалығына айрықша атсалысып жүрген Әл-Фараби ауданының белсенділерімен жүздесті. Жиында белсенділер тарапынан ұсыныстар мен өтініштер айтылды. Ол бойынша қала әкімі тиісті сала басшыларына тапсырмалар да берді. Сонымен қатар тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір түйткіл бақылауында болатынын жеткізді. Бұған дейін болған кездесу барысында барлығы 68 мәселе көтерілген еді. Қазіргі уақытта оның 28-і толық орындалып, түйткілдердің түйіні ағытылған. Ал 29 тапсырма бүгінде орындалып жатыр. Сонымен қатар 5 өтініш тұрақты бақылауды қажет етеді. 2 ұсыныс бойынша жұмыстар келесі жылы атқарылмақ.  Атап айтсақ, Сәуле шағынауданынан жүретін қоғамдық көліктердің Қазығұрт шағынауданына дейін ұзарту туралы өтініш берілген болатын.  Нәтижесінде №96 және №43 маршруттардың қозғалыс сызбасы өзгертіліп, тұрғындарға қолайлы етіп жасалды. 195 орамдағы Қырыққыз көшесін жарықтандыру бойынша ұсыныс бірден назарға алынып, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді. Бүгінде аталған көшеге 31 жарық шамдары орнатылды. Ал Әл-Фараби ауданының үй басқарушылары мен белсенді азаматтарынан құрылған кеңесте инфрақұрылым, жол, қоғамдық көлік, тазалық сынды әлеуметтік мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табуда. Мәселен, жуырда Еңбекші ауданының тұрғындары бірнеше елдімекендегі көшелерді жарықтандыруды сұраған болатын. Қала әкімінің тапсырмасымен тиісті басқармалар мен аудан әкімдігі тарапынан жұмыстар атқарылып, тұрғындардың талап-тілегі орындалды. Атап айтқанда, Мұнайбарлаушылар көшесін жарықтандыру 2022 жылдың жұмыс жоспарына енгізіліп, жалпы ұзындығы 2000 метр көше және балалар ойын алаңшасы жарықтандырылды. Бұған қоса Маятас тұрғын алабындағы Көзді ата көшесінде 300 метр жолдың бойына, ал Жарлыкөл көшесінде 2 шақырымға жуық жолдың бойына мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қоса Жыланбұзған тұрғын алабындағы Қарақыстақ көшесін жарықтандыру жұмыс жоспарына енгізіліп, құрылыс жұмыстары өтпелі кезеңмен 2023 жылдың наурыз айына дейін атқарылады.