КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДА 2023-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН 3 ЖЫЛДЫҚ КЕШЕНДІ ЖОСПАР ӘЗІРЛЕНДІ

67
0
Бүгінде Шымкент қаласында креативті экономиканың әлеуетті 3 бағыты анықталып отыр, олар: сән, IT және кинематография. Бұл салаларда қала көлемінде 639 кәсіпкер тұтынушыларға өз қызметін ұсынады.
Өңірде креативті индустрияны дамыту мақсатында бөлім тарапынан сала бойынша 2023-2025 жылдарға арналған 3 жылдық кешенді жоспар әзірленді. Жоспарға сәйкес, саланы мемлекеттік қолдау, ішкі және халықаралық нарықта креативті өнімдерді ілгерілету, қоғамдық креативті кеңістіктер құру, креативті шаралар өткізу қарастырылған. Осы ретте, Шымкент қаласында креативті хаб құру мақсатында «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-ның өкілдерін арнайы шақыру арқылы креативті хабқа арналған орынмен таныстыру жұмыстары жүргізіліп, хабтың функциясы белгіленді. Бүгінде аталған орталықта «Sifro» компаниясы, «Диспетчерлік орталық», «Төлем» қоғамдық көліктерде төлем жасау жүйесі, интерьерлік компания шоғырланған. Сонымен қатар, Кәсіпкерлер палатасымен бірлесе сала кәсіпкерлерімен кездесу ұйымдастырылып, креативті индустрияның өзекті мәселелері мен ұсыныстар тыңдалды. Нәтижесінде «Шымкент қаласының дизайнерлер ассоциациясы» «Шымкент қаласы креативті индустрия ассоциациясы» болып қайта құрылымдалды және «Ташенов университетінің» базасында «Креативті бизнес-инкубатор» құрылды.
Айта кету керек, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың жаңа даму бағытын айқындап, «креативті индустрияны» дамыту бойынша арнайы тапсырма берген болатын. Оны орындау мақсатында Шымкентте қыруар іс атқарылды. Нәтиже де жоқ емес. Шымкент қаласына келуші туристердің саны жыл санап артып келеді. 2022 жылдың 12 айында қалаға келушілер саны 448 797 адамды құрап отыр. Ішкі туризм бойынша келушілер саны 412 268 адам, өткен жылмен салыстырғанда 136,2%-ға артып отыр. Ал, кіру туризмі бойынша келушілер саны 36 529 адам, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есеге ұлғайған. Бүгінде Республикалық көрсеткішке сәйкес, қалаға келген туристер саны бойынша Шымкент қаласы 3 -орында тұр. Оның ішінде — резиденттер (ҚР азаматтары) бойынша 4- орын, резиденттер еместер (шет ел азаматтары) бойынша 4- орында. Бүгінгі күні Шымкент қаласында 142 орналастыру орны, 9 саябақ, 7 мұражай, 25 әлеуметтік-мәдени нысан, 5 театр, 12 сакралды нысан, 11 сауда, ойын-сауық орталығы,5 діни нысан, 18 аквапарк және 4 табиғи су көзі орналасқан. Аталған нысандардың барлығы дерлік қалаға келетін туристерге қызмет көрсетеді.