РЕТСІЗ САУДАҒА РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ

74
0
Қала көркін бұзатын ретсіз сауда жасаушылар қанша ескерту жасалса да сауда жасауларын тоқтатпай отырғаны жасырын емес. Осыған орай бүгін Әл-Фараби аудандық әкімдігі мен аудандық полиция басқармасының бірлесе ұйымдастыруымен рейд жүргізілді.
Олардың тарапынан қаламыздағы «Орталық Қырғы базар», Т.Әлімқұлов, Төле би, Ж.Ташенов көшелерінің бойындағы белігіленбеген орындарда сауда жасаушы тұлғаларға заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аудан аумағында жыл басынан бүгінгі күнге дейін Шымкент ҚПД Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы тарапынан ҚР ӘҚБтК-нің 204 бабына сәйкес белгіленбеген орындарда сауда жасаған тұлғаларға 382 әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұлдар салынды. Жалпы, аудан аумағында заңсыз сауда орындарын реттеу жұмыстары күнделікті жүргізіліп, тұрақты бақылауға алынған.
Осы орайда барша қала тұрғындарын заң талаптарын бұзбауды, тек белігленген орындарда ғана сауда-саттықпен айналысу қажеттігін ескертеміз. Айта кету керек, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес қаламыздағы сауда орындарының аумағындағы автотұрақтарды ретке келтіру бойынша жаппай мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Шараның мақсаты — көлік кептелісін азайту, жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту, сауда орындарының алдына автомобильдер тұрақтау үшін автотұрақ ұйымдастыру және тиісті жол белгілері мен бейнебақылау камераларын орнату жұмыстарын үйлестіру.

Қазір халық көп шоғырланатын Айна, Акбар, Акбар, Алаш, Авто Нұр, Қырғы базарларының аумағына аяқжолдар салынуда. Бұл шаралар мұндағы ретсіздіктерді қалпына келтіріп, тұрғындардың жүріп-тұруын оңтайландырады. Жалпы мұндай шаралар қаладағы ретсіз сауда орындарының жолы кесіп, көшелердің көркін арттыра түспек. Шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.