ТҮРКІСТАН КӨШЕСІНЕН ТЕМІРЖОЛҒА ДЕЙІНГІ ЖОЛДЫҢ БІР БӨЛІГІ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН АШЫЛАДЫ

59
0

Шымкенттің оңтүстік бағытындағы жалғыз кірме-шығыс жолындағы жүктемені азайту мақсатында 15,5 шақырымдық Қонаев даңғылының жалғасы салынуда. Қала әкімі Мұрат Әйтенов мегаполистің транзиттік әлеуетін арттыратын нысанның құрылыс жұмыстарын қадағалады.

Нысан 6 кезеңнен тұрады. Қонаев даңғылы жалғасының 5-ші кезеңі Бадам өзенінен Әскери бөлімінің тұсына дейінгі аумақты қамтиды. Бұл аралықтың ұзындығы – 4,7 шақырым, ені – 42 метр, 6 жолақты. Ал нысанының 6-шы кезеңі Әскери бөлімнің тұсынан ПК-132 дейінгі аралық, бұл кезеңнің ұзындығы – 8,5 шақырым, ені – 15 метр, 4 жолақты. Қазір мұнда бригадалар жер төсемелерін салып, жер асты темірбетонды құбыр орнатуда. Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға Бадам өзенінен өтетін көпірді Саттарханов көшесімен қосу жұмыстарын аяқтауға 3 ай мерзім берді. Сонымен қатар, бүгінде Шымкентте 16 шақырымды құрайтын «Оңтүстік» айналма жолының құрылысы жүргізілуде. Нысан көлік кептелісін азайтып қана қоймай, жол бойындағы елдімекендерде шағын кәсіпкерліктің дамуына да ықпал ететін болады. Қала әкімі М.Әйтенов айналма жолдың құрылыс жұмыстарымен танысты. Айналма жолдың құрылысы Ленгір тас жолынан бастап КХ-15 облыстық маңызы бар автожолына дейінгі аралықты қамтиды. Жоба бойынша көшенің ені 9 метрді құрайды. Осыған дейін жол құрылысының 50 пайызы орындалған. Шымкент-Ташкент жолында қиылысатын бөлігінде көпір салынып, жолдың негізі дайындалған. Қала әкімі жауаптыларға жол құрылысы барысында туындаған өзекті мәселелерді шұғыл шешіп, жұмыстарды сапалы жүргізуде тапсырды. Айта кетейік, 2024-2025 жылдары Қатынкөпір шағын ауданында 37 көшеге асфальт төселеді. Қатынкөпір шағын ауданындағы 107 көшенің қазір 70-і асфальтталған болса, 37 көшеге шағал тас төселген. Шағын аудан көшелерін 2025 жылға дейін толық асфальттау жоспарлануда. Мәселен, былтыр Күмісқазық көшесі жөндеуден өтіп, Спатаев, Ирисмет Ата, А.Яссауи көшелері жарықтандырылды. Келесі 2024 жылы 19 көшеге асфальт жұмыстары жүргізіледі деп күтілуде. Ал 2025 жылы 18 көшеге асфальт төселсе, Қатынкөпір шағын ауданының көшелерді асфальтпен қамтамасыз ету көрсеткіші 100 пайызға жетеді.