СӘУЛЕ ШАҒЫНАУДАНЫНДА САЯЛЫ САЯБАҚ САЛЫНАДЫ

49
0
Жылдан жылға жергілікті халық саны артып келе жатқан Сауле шағынауданында саялы саябақ салынуда. Қала әкімі жауаптылармен бірге саябақтың құрылыс жұмыстарын қадағалап, жобаның жүзеге асырылуын пысықтады. Нысан құрылысын «ГрадСтройСервис» мердігер мекемесі жүргізуде. 2,5 гектарды алып жатқан заманауи демалыс аймағында жасанды газон, көгалдандыру алаңы қарастырылған. Жоба бойынша мұнда 900 шаршы метр асфальт және өрнектас жабындысы салынады.
М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға саябақтың құрылысын өндірістік кестеге сай жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ заманауи демалыс аймағын халыққа қолайлы етіп, озық үлгіде жасақтау бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді. Жалпы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы Жолдауында қалалардың көркін арттыру мақсатында абаттандыру жұмыстарына айрықша көңіл бөлу керегін айтқан еді. Бұл тұрғыдан келгенде Шымкенттің жетістігі мол. «Жасыл қала» атанып кеткен шаһарда соңғы жылдары бірнеше саябақтардың құрылысы жүргізілді. Жұмыстар мұнымен тоқтап қалмақ емес.

 арқатар болсақ, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бүгін «Шымкент Сити» шағын ауданында болып, құрылысы қарқынды жүріп жатқан саябақ жұмыстарын аралап көрді. Қазір саябақтың құрылыс жұмыстары 20%-ға дейін жүргізілген. Нысан 2025 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Жалпы жаңа қалашықтың аумағы 20,4 гектар жерді алып жатыр. Бүгінде шағынауданды инфрақұрылыммен қамту жұмыстары толық жүргізілуде.  Бұған дейін Shymkenт City аумағының даму жоспарына 15 инвестор тартылып, тұрғын үй құрылыстары қарқын алған болатын. Сондай-ақ заманауи ғимараттар, бизнес кеңселер, әкімшілік-іскерлік орталықтар салуға сырттан да инвестициялық жобалар тартылған. Сонымен қатар мұнда жеке инвесторлардың қаржыландыруымен жаңадан 300-ге жуық көп қабатты тұрғын үй, әрқайсысы 1200 орындық 3 мектеп, балабақшалар, емхана, саябақ және конгресс-холл құрылыстары жүргізілуде.  Саябақ құрылысына келсек, нысанда көгалдандыру алаңы 164 000 шаршы метрді құрайды. Мұнда 53 балалар ойын алаңшасы, 19 спорттық алаң орналасатын болады.  Сондай-ақ 2,8 шақырымдық веложол, жасанды көл салынып, 5 мыңнан аса ағаш көшеті, 7 мыңнан аса гүл, 6 мың бұта егу жоспарланған. Айта кету керек, жуырда Шымкент қаласында жастардың сұранысымен скейт парк ашылды.