ТҰРАНДА ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Шымкент қаласында 950-ден астам білім ұясы бар. Онда білім алатын оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануда түрлі үйірмелер мен спорттық секциялар тегін жұмыс істейді. Жуырда ғана ашылған жаңа Оқушылар сарайы шәкірттерді қабылдап, 6 бағыт бойынша үйірмелер жұмысын бастап кетті.
Жобаны салудағы мақсат — оқушыларды сабақтан тыс уақытта әр түрлі үйірмелерде сабақ өткізуге және педагогтардың, ата-аналар мен балалардың тәрбие саласындағы өзара іс-қимылына жағдай жасау, балалар тұлғасының шығармашылық, спорттық, ғылыми, мәдени әлеуетін дамыту. Шаһарда оқушылардың саламатты өмір салтын ұстанып, білімі мен шығармашылығын шыңдайтын тағы бір Оқушылар сарайының құрылысы сәуірде басталған болатын. Жалпы сыйымдылығы 500 орынды құрайтын нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Ғимарат Тұран шағынауданында бой көтерді. Жаңа Оқушылар сарайы 3 қабаттан, 3 блоктан тұрады. Жаңа нысанның жобасында асхана және көлікке көлік тұрағы қарастырылған. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстарының 10 пайызға жуықғы орындалды. Нысанның құрылысын 2024 жылы аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Естеріңізде болса, Шымкенттегі «Нұрсәт» шағынауданында да оқушылар сарайы салынып, ел игілігіне берілген болатын. Сарай сыйымдылығы 500 оқушыға лайықталған. 3 қабатты, 3 блоктан тұрады. Тәулігіне 4 ауысымда жұмыс істеп, 7-18 жас аралығындағы 2000 бала түрлі үйірмеге қатыса алады. Қосымша 81 көлікке арналған көлік тұрағы мен 35 адамдық асханасы да бар. Спорт және сауықтыру бағыты: 1. Үлкен және кіші бассейн 2. Топтық сыныптар залы (харография) 3. Үстел теннисі залы 4. Жекпе-жек залы (күрес) 5. Жекпе-жек залы (бокс) 6. Фитнес зал 7. Үстел ойындары залы (шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ); Ғылыми-техникалық бағыты: 1. Практикалық физика кабинеті 2. Практикалық химия кабинеті 3. Биотехнология кабинеті 4. Бағдарлама жасау кабинеті 5. КИП и автоматика кабинеті 6. Дизайн және 3D модельдеу кабинеті 7. LEGO құрылысы кабинеті 8. Әдістемелік кабинеті 9. Ұшақты модельдеу кабинеті; Гуманитарлық және жастар қозғалысы: 1. Балалар қоғамдық ұйымы кабинеті 2. Фото-бейне өңдеу студиясы 3. Лингвистика кабинеті 4. Медиа орталық 5. Сөйлеуді дамыту кабинеті 6. Сенсорлық бөлме 7. Шешендік өнерді дамыту кабинеті 8. Дебат клубы; Көркемдік-эстетикалық және өлкетану бағытын: 1. Сәндік-қолданбалы өнер кабинеті 2. Балалар шығармашылығы кабинеті 3. Дыбыс жазу студиясы 4. Аспаптық студия (домбыра, гитара, скрипка) 5. Вокал студиясы 6. Бейнелеу өнері кабинеті 7. Драматикалық театр үйірмесі 8. Тарих-өлкетану кітапханасы 9. Экология кабинеті 10.Керамика және қыш үйірмесі қарастырылған.