ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛҒАН
Әлеуметтік нысандар – бұл халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және қоғамның дамуына ықпал ететін маңызды объектілер. Олар тұрғындардың денсаулығы, білімі, мәдениеті және әлеуметтік әл-ауқаты үшін қызмет етеді. Әлеуметтік нысандардың тиімді жұмыс істеуі елдің әлеуметтік тұрақтылығы мен экономикалық өсуінің негізі болып табылады. Әлеуметтік нысандардың негізгі түрлеріне бірнеше саладағы нысандар жатады. Білім беру нысандары — бұл санатқа мектептер, балабақшалар, колледждер, университеттер және қосымша білім беру орталықтары жатады. Олар білім берудің сапасын қамтамасыз етіп, жас ұрпақтың интеллектуалдық және кәсіби дамуына ықпал етеді. Денсаулық сақтау нысандары — емханалар, ауруханалар, диспансерлер және реабилитациялық орталықтар халықтың денсаулығын сақтау және емдеу қызметтерін ұсынады. Мәдениет және спорт нысандары — театрлар, кітапханалар, мұражайлар, мәдениет үйлері, спорт кешендері және стадиондар халықтың мәдени және физикалық дамуын қамтамасыз етеді. Әлеуметтік қорғау нысандары — зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар және жетім балалар үшін әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары, қарттар үйлері, мүгедектер үйлері және уақытша баспана орталықтары осы санатқа жатады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары — бұл нысандар тұрғындарға таза ауыз су, жылу, электр қуаты және тұрмыстық қажеттіліктерді қамтамасыз етеді. Көлік және инфрақұрылым нысандары — автобекеттер, теміржол вокзалдары, әуежайлар, көпірлер және жолдар халықтың қозғалысын жеңілдетіп, экономиканың дамуына жағдай жасайды.
Қазақстанда әлеуметтік нысандарды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Мемлекет халықтың өмір сапасын арттыру және қажетті қызметтерді жақындату мақсатында бірқатар жобалар мен бағдарламаларды іске асыруда. “Білімді ұлт» ұлттық жобасы аясында ел бойынша жаңа мектептер салу, ауылдық жерлерде білім беру сапасын арттыру және мұғалімдердің біліктілігін арттыру шаралары жүзеге асырылуда.»Денсаулық» бағдарламасы арқылы денсаулық сақтау саласында заманауи ауруханалар мен емханалар салу, шалғай елді мекендерде медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру үшін жылжымалы медициналық кешендерді енгізу қарастырылған. Мәдениет және спорт саласындағы жобаларға келсек, аймақтарда жаңа спорт кешендері, мәдениет үйлері мен театрлар ашылуда. Ауылдық жерлерде кітапханаларды цифрландыру және халықты спортқа тарту мақсатында кешенді шаралар қабылдануда. Әлеуметтік нысандар қоғам мүшелеріне сапалы білім, денсаулық сақтау, мәдениет және басқа да қызметтерді ұсынады. Әлеуметтік нысандар салу ауылдық және шалғай аймақтардың инфрақұрылымын жақсартып, тұрғындарды қажетті қызметтермен қамтамасыз етеді. Әлеуметтік нысандардың болуы аймақтың экономикалық тартымдылығын арттырып, инвестициялар тартуға мүмкіндік береді. Әлеуметтік нысандар – қоғамның әл-ауқатын қамтамасыз ететін маңызды инфрақұрылым. Қазақстанда бұл нысандарды дамыту үшін мемлекет тарапынан жүйелі түрде жұмыстар атқарылып, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған нақты шаралар іске асырылуда. Әлеуметтік нысандардың дамуы қоғамның тұрақтылығы мен елдің болашақ өркендеуінің негізі болып табылады. Осы орайда, Шымкентте түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында ондаған көпқабатты үй тұрғызылып, халық саны да артып келеді. Сәйкесінше балабақша мен мектеп сияқты әлеуметтік нысандарға сұраныс жоғары. Осы орайда шаһарда әлеуметтік нысандар құрылысын салуда ауқымды істер қолға алынған. Шымкентте білім нысандарының құрылысын жүргізу жоcпарланған. Оның ішінде жаңа құрылыс – 7 нысан, атап айтсақ, (№39 (375 орын), №50 мектептерге қосымша ғимараттар (575 орын), Тельман 1200 орындық мектеп, Тұран шағынауданындағы 2 оқушылар сарайы-500 орын, Сайрам шағын ауданындағы №10 колледжге қосымша ғимарат-300 орын, №2 мектеп-интернат — 40 орын, С.Рахимов атындағы мектеп) бар. Ал күрделі жөндеуден – 5 нысан өтеді. (№8, 48, 80, 120 мектептер, Шымкент аграрлық-техникалық колледж ғимараты). Осы аталған нысандардың 4-еуі биылғы жылы пайдалануға тапсыру жоспарланған. Қалған 3 нысанның құрылысы (№50 мектепке қосымша ғимарат, Тельман 1200 орындық мектеп, С.Рахимов атындағы мектеп) 2025 жылы аяқталады. Ал, 4 күрделі жөндеу нысандары толығымен жыл соңына дейін пайдалануға тапсырылса, қалған 1 нысан құрылысы (Шымкент аграрлық-техникалық колледж ғимараты) 2025 жылға өтпелі. Сонымен қатар, 4 200 орынға арналған 12 білім нысандарының жобалау-сметалық құжаттары дайын. Нақтырақ айтар болсақ, № 16, 19, 25, 41, 53, 66, 68, 82, 116, 121, 122 мектептерге қосыша ғимараттар және Сайрам т.а. 300 орынға арналған жатақхана құрылысы бар. Бұдан бөлек, 4 күрделу жөндеу нысандарының (№ 96 мектепті күрделі жөндеу, № 126 балабақшаны күрделі жөндеу, №1 лицей-интернатты күрделі жөндеу, №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығын күрделі жөндеу) ЖСҚ-сы әзірленуде. Шымкент қаласында Ұлттық жоба аясында 18 мектептің (28 000 орын) құрылысын іске асырылуда. Соның ішінде, 11 мектептің (15 800 орын) құрылысын 2024 жылы ал, 7 мектептің (12 200 орын) құрылысын 2025 жылы аяқтау жоспарланған. 5 мәдениет нысандарының құрылысын салу жоспарланған болатын. Өтеміс, Базарқақпа, Көкбұлақ, Қайнарбұлақ тұрғын алабтарындағы мәдениет үйлерінің құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Бәйдібек би №115/1 ғимаратын қайта құру құрылысы 2025 жылға өтпелі. Сонымен қатар, Опера және балет театрының жобалау-сметалық құжаты әзірленуде. Спорт саласында 2 спорт нысаны, олар — №12 спорт мектебі және №15 спорт мектебі. Онда құрылыс жүргізілуде. Биыл №12 спорт мектебі аяқтау жоспарланған. №15 спорт мектебінің құрылысы келесі жылы пайдалануға берілетін болады. Сондай-ақ, Тұран шағын ауданы 5 га жер учаскісінде көпфункционалды теннис орталығы жобалау-сметалық құжаты дайын. Ал екінші жоба «Шымкент қаласының №1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» және паралимпияда, сурдолимпияда спорт кешенінің құрылысының жобалау құжаты әзірленуде. Шымсити шағынауданындағы 1 абаттандыру нысанының (20,4 га) құрылысы аяқталды. Ал, құрылысы 2023 жылы басталған 1 нысан (3,2 га) саябақ құрылысын ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Сонымен қатар, Тұран шағынауданындағы Этносабақ құрылысының жобалау-сметалық құжаты әзірленуде. 3 әлеуметтік қамтамасыз ету нысанының құрылысы жоспарланған. Ол «№1 арнаулы қызметтер көрсету орталығы» қосымша 50 орындық ғимарат құрылысы және күрделі жөндеуден өтетін «№ 6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ ғимараты, Шымкент қаласында мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған 150 орындық оңалту орталығы. Нысандардың құрылысы 2025 жылы аяқталады деп жоспарланған. Бұдан басқа, «Мейірім» оңалту орталығы МКҚК-ның 100 орындық ғимаратын салу жобаларының құжаттары әзірленуде. Ақтас шағынауданында 1 ауыл шаруашылығы нысандары және осы нысанды жеткізуші инфрақұрылыммен қамтудың 1 нысанының (ИКИ) құрылысы аяқталды. Ағымдағы жылы 7 нысанның құрылысы жоспарланған. Сайрам шаған ауданындағы 4 көлікке арналған өрт сөндіру депосының құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылды. Ал, қалған 6 нысанның құрылысы 2025 жылға өтпелі. Сонымен қатар, 2 жоба Қайнарбұлақ жедел құтқару кешені мен Таскен, шағын аудандарындағы жедел қызмет көрсету орталығының құжаты дайын. 5 жоба (Ынтымақ, Базарқақпа, Қайнарбұлақ, Шымсити, Ақжар шағын аудандарындағы жедел қызмет көрсету орталығы) құжаты әзірленуде. 1 қорғаныс (сарбаздар 8 ғимаратын реконструкциялау) нысанның құрылысы жүрігізілуде. Нысан жыл соңына дейін пайдалануға тапсырылады. Сонымен қатар, 1 жобаға ЖСҚ әзірленуде (Шаян ауылында басқару пункті). Ағымдағы жылы 4 мемлекеттік орган нысандарының құрылысы жоспарланған. (Абай 2/9 әкімшілік ғимаратқа қосымша ғимарат салу, Момышұлы 27 а ғимаратты күрделі жөндеу, Диваев 4 ПД әкімшілік ғимаратын реконструкциялау, Әкімшілік-іскерлік орталықта әкімшілік ғимарат салу). Оның ішінде, 1 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылды (Момышұлы 27 а ғимаратты күрделі жөндеу). Ал 2 нысан құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланса, қалған 1 нысанның құрылысы 2025 жылға өтпелі (Әкімшілік-іскерлік орталықта әкімшілік ғимарат салу). Сонымен қатар, 2 жобаның ЖСҚ-сы дайын (Қазбек би 36 әкімшілік ғимараты және прокуратура ғимараты). 1 денсаулық сақтау нысанының (Қан орталығы МКК қосымша ғимарат құрылысы) ЖСҚ-сы дайын және 2 жобаның жобалау-сметалық құжаттамасы (Ақжайық шағын ауданында 200 төсек орынға арналған перинаталдық орталық құрылысы және Алдярова көшесіндегі перзентханаға қосымша корпус салу) әзірленуде. Айта кету керек, бұған дейін Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева Ақпараттық-коммуникациялық орталығында БАҚ өкілдеріне брифинг берген болатын. Мәжіліс барысында қала аумағында ерекше жандарға көрсетіліп жатқан әлеуметтік қолдау туралы баяндады. «Мүгедектігі бар азаматтардың қажетті құралдар мен қызметтерге қол жетімдігі мен сапасын арттыру мақсатында қолданысқа енгізілген әлеуметтік қызметтер порталы өз нәтижесін беруде. Шымкентте былтыр мүгедектігі бар азаматтар әлеуметтік портал арқылы 40 мыңға жуық қызмет алған» деді Жанат Өмірсейітқызы. Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды. Қолданба арқылы мүгедектектігі бар адамдар тауарлар мен қызметтердің сапасы мен уақтылы жеткізілмегеніне шағым беруге құқылы. Портал бойынша шешім қабылдайтын жергілікті комиссия өкілеттігіне өтінімді қарастыру, өнім берушіге сапасыз тауарды немесе қызметті көрсеткені үшін өтінімді жолдап, бақылауда ұстау, порталға кіруге шек қою және жосықсыз қатысушылар тізіміне енгізу құқығы берілген. Жалпы, Шымкент қаласы бойынша қазіргі таңда 40 728 мүгедектігі бар азамат тіркелген. Оның ішінде 7 мыңнан астамы 18 жасқа дейінгі балалар. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасында мүгедектігі бар азаматтарға өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштамасы ұйымдастырылған. Сонымен қатар, әлеуметтік қызметкерлер қызмет түрлерін қажеттілікке орай шалғай шағынаудандарға арнайы қатынап көрсетуде.