ТҮЙМЕБАЕВ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРУДЕ

229
0

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев 2016 жылы атқарылған жұмыстар бойынша халық алдында есеп беруде.

Онда әкім өткен 2016 жылы өңіріміздің экономикалық және әлеуметтік салаларында атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жылдары іске асырылатын жұмыс жоспарлары туралы баяндауда.

Айта кетейік, өңір басшысының халық алдындағы жылдық есебі биыл алғаш рет онлайн режимде Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ontustik.gov.kz сайтынан көрсетіліп, 3 миллионға жуық халқы бар күнгей тұрғындарын қамтуда. Сондай-ақ, қазіргі Түркістан сарайында өтіп жатқан жылдық есептен бөлек, әрбір аудан, қалалардағы әкімдіктерде де жергілікті халық жиналып, жалпы саны 5 мыңнан астам Оңтүстік тұрғыны атқарылған жұмыстардың барысын онлайн режимде тыңдауда.