ЕСКІ МЕШІТТІҢ ОРНЫ БАР

172
0

Сыр тұнған Сауран даласын қызықтай жүріп, орта ғасырда орнатылған аркаға да табан тіредік. Аркасы бар бөлмені ғалымдар кітапхана болуы мүмкін дейді. Кіреберістің екі жағында ошақ болған. Қыста жылытқан. Қандай орын болғаны нақты белгісіз. Біреу білер, екеу білмес, бұл арка – қазақ топырағындағы тұтастай сақталып, қирап қалмай, осы күнге жеткен жалғыз арка.
Одан әрмен қарай ескі мешітке аяңдадық. Мұнда Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының археологиялық экспедициясының зерттеу жұмыс нәтижесінде 2004-2005 жылдары Саураннан осы орта ғасырлық мешіттің орны табылған.
Мешіттің сыртқы қабырға бойынша есептегендегі ені 31 метр, жалпы аумағы 1200 шаршы метр.
Өзінің жобалық композициясы бойынша Сауран мешіті Самарқандтағы Бибі-ханым (ХІV ғасырдың соңы), Ташкенттегі Жами (ХV ғасырдың соңы) және Бұхарадағы Калян (ХVІ ғасырдың бірінші ширегі) жұма-мешіттермен ұқсас келеді.
Сауран қаласы ХІV ғасырда Ақ Орданың құрамына кіріп, бір кездері оның астанасы да болған. 1320 жылы қайтыс болған Ақ Орданың билеушісі Сасы Бұқа осы қалада жерленген. Оның ұлы Ерзен Сауран, Отырар, Жент және Баршынкент қалаларында медресе, мешіт секілді қайырымдылық мекемелерін салдырған.

%d1%80%d1%83%d1%85%d0%b0%d0%bd%d0%b8-%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b3%d1%8b%d1%80%d1%83-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c

08