Облыс басшысы БАҚ өкілдерін құттықтады

Биылғы  Наурыз  мерекесі  Оңтүстікте  ерте  басталды.Ұлыстың  ұлы күнін тойлаудың  ерекшеліктері де  көп әрі  9 күнге созылмақ. Мұндай тың үрдісті  қалыптастыруға  ұйытқы  болған  облыс әкімінің   баспасөз  жетекшісі  Берік Уәлиге  айтарымыз  тек  алғыс  болмақ.

Мерекелік іс-шаралардың  аясында ОҚО әкімі  Асқар  Мырзахметов уақыт тауып, БАҚ өкілдерін айтулы мерекелерімен  құттықтады. Арнайы  жайылған  кең  дастархан басында  бас қосқан  «төртінші билік»  өкілдерімен  бірге болып, бірге  тойлаған  облыс  басшысы  олармен  қосыла  би биледі, әдемі  тілектерін арнады. Ашық – жарқын әңгімелескен  Асқар Исабекұлына  да  өз кезектерінде  журналистер қауымы  ризашылықтарын  білдірісті, еңбегіне толағай  табыстар тіледі. Мерекелік дастарханға арнайы шақырылған  өнер  саңлақтары ешбірін  зеріктірмеуге  тырысып, әсем ән мен көңілді   күй  сыйлауға  тырысты.

Е.СӘРСЕНБИН.  

ПІКІР ЖАЗУ