Судьяны адам тағдыры алаңдатпағыны ма?

270
0

«Уақыт» газетінің өткен жылғы №46 санында жарық көрген «Немқұрайдылық па, сауатсыздық па?» атты сын мақалаға байланысты ОҚО сотының төрағасы Н.Шәріповтың қолы қойылған жауап хат келді. Мақалада облыстық соттың судьясы Р.Заппаровтың талапкер Қ.Ысқақованы өзінің шығарған №2 а-1697 ұйғарымында өрескел қателікке жол беріп, Қ.Ысқақова деудің орнына іске ешқандай қатысы жоқ К.Абиева деп жазғаны сыналған болатын. Газетте жарық көрген қандай да бір сын мақалаларға облыстық соттың төрағасы Н.Шәріпов мырза үнемі сергектік танытып, дер кезінде жауап жолдайтындығына біз өз ырзалығымызды білдіре отырып, жауап хаттағы бір мәселе жөнінде өз пікірімізді ашық айтуды жөн көріп отырмыз. Сот төрағасы талапкер Қ.Ысқақованы ешқандай себепсіз К.Абиева деген беймәлім біреумен шатыстырып, ұйғарымда солай деп жазғаны үшін судья Р.Заппаровқа қатаң ескертілгендігін мәлімдепті. Егер судья сот мәжілісінде талапкердің талап арызын қарап отырып, оның аты жөнін ауыстырып жіберсе, онда бұл жерде заң адамының іске деген немқұрайдылығының, жауапсыздығының көрінісі айқай салып аттандап тұрған жоқ па? Егер облыстық соттың төрағасы Н.Шәріповтың орнына Р.Заппаровтың аты- жөнін жазып жіберсе қандай болар еді? Іс қарауда заңгер ретіндегі жауаптылыққа атүсті қарағандығы үшін қатаң ескертумен ғана шектелсе, күні ертең судья Р.Заппаров К.Абиеваның орнына П.Хабиева деп жазбасына кім кепіл? Өйткені, біздің білуімізше, мұндай құжатқа деген, адам тағдырына деген жауапсыздығы үшін жаза бұдан гөрі қатаңырақ берілсе, ол басқаларға да сабақ болар еді деп ойлаймыз.

«Уақыт»