Сарыжазда жаңа мектеп ашылды

310
0


Жылдың алғашқы айы созақтықтар үшін үлкен қуанышпен басталды. Қыстың қақаған қаңтар айында Қаратау ауылына қарасты. Сарыжаз елді мекенінде 75 орындық білім ордасы ашылды.

Ашылу салтанатына аудан әкімі Исаев Мақсат Шамансұрұлы қатысып, елдімекен тұрғындарын жаңа білім ордасының ел игілігіне берілуімен құттықтады. Елдің атынан алғыс білдірген ауыл биі С. Қарманов: -«Ұл қыздарымыз 60-шы жылдары сабан кесектен тұрғызылған мектепте оқитын. Жаңа ғимарат соғуды көптен бері көтеріп жүргенбіз. Міне, биыл қуанышқа кенеліп отырмыз. Осы істі қолға алған аудан басшысына алғысымызды білдіреміз», — деді.

«Сарыжаз» негізгі орта мектебінің техникалық базасы соңғы үлгідегі жабдықтармен қамтамасыз етіліп, зәулім білім ордасында интерактивтік тақта, мультимедия-лингафон кабинеттері орналасқан.
Бүгінде Созақ ауданындағы 35 білім ошағының 31-і типтік білім ордасы. Жалпы оқушылардың 97 пайыздан астамы замануи үлгідегі мектептерде оқиды. Білім саласындағы ғимараттарды жаңарту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.
Аталған білім ордасы мемлекеттік- жекеменшік әріптестік аясында соғылып, пайдалануға беріліп отырғанын айта кетуіміз керек.

Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі.