ТӨЛЕБИДЕ СПОРТ ЖАРЫСТАРЫ

Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін VI-шы Халық спорты ойындарының облыстық іріктеу жарыстары 2018 жылдың 23-29 тамыз күндері Шардара ауданы және Түркістан қаласында өткізілді. Аталған жарысқа Төлеби ауданынан қазақ күресі, футбол, волейбол, стритбол, қол күресі, жағажай волейболы, тоғызқұмалақ, асық ату, үстел тенисі спорт түрлері бойынша құрама командалар жасақталып, 72 спортшы қатыстып жарыс нәтижесінде ерлер арасында стритболдан командалық есепте 1 орынды, үстел теннинен ұлдар және қыздар командалық есепте 1 орынды, тоғызқұмалақтан командалық есепте 1 орынды иеленді. Сондай ақ, Қазақ күресінен Байкамуров Марат 90 келі салмақта 1 орынды, Ұзақбай Жасұлан 82 келі салмақта 2 орынды, Жорабеков Қанат 100 келі салмақта 3 орынды, Жетпісбаев Сүйіндік 66 келі салмақты 3 орынды иеленді.
Тоғызқұмалақ, үстел теннисі, стритбол спорт түрлері бойынша жеңіпаз спортшыларымыз Ақтау қаласында өтетін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін Республикалық VI-шы Халық спорты ойындарына жолдама алды.
48

ПІКІР ЖАЗУ