ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРУШЫ КЕҢЕС ҚОҒАМҒА НЕ БЕРЕДІ?

ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРУШЫ КЕҢЕС ҚОҒАМҒА НЕ БЕРЕДІ?

Шымкент әкімдігінің трансформация жөніндегі басқарушы кеңесі құрылды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында жарияланған.

 

Бұл жоба Шымкент қаласы әкімдігінің басқару жүйесіне заманауи технологияларды енгізу бойынша жасалынған басқарушылық эксперименті.
Қаланың нақты секторын дамытуға, онда тұрғындар үшін «ақылды» және «жайлы орта» құруға жауап беретін басқармалардың экпериментке арналған «пилоттық алаңы» болды.

Бұл кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму, цифрландыру, туризм, ауылшаруашылығы және ветеринария, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармалары.

«Пилоттық» басқармалар ашық кеңседе орналасқан, мұнда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. «Пилоттық» кеңседе және басқармаларға жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасары Данат Жуминнің  кабинеті де орналасқан.

Шымкент қаласының әкімі қалалық мемлекеттік құрылымдардың басшыларына тәжірибе алмасуға және жобалық басқару жүйесінің құралдарын жұмыста пайдалануға кеңес берді. Жаңа жылдан бастап жұмыс істеу принциптері бүкіл әкімдікке таратылатын болады.

«Қазіргі әкімдік орналасқан ғимаратта артық қабырғалар алынып, әкімдіктің орталық кіре берісі фронт-офис болады. Барлық азаматтар үшін ашық болып, ыңғайлы жағдайда қызмет көрсетіледі.  Онда басқарманың мамандары өз салалары бойынша келген тұрғындардың өтінішін қабылдап алады. Бұл өз кезегінде халықтың кабинеттен кабинетке сабылуын азайтады»,- деді Ғабидолла Әбдірахымов.

Бұл жұмыс шенеуніктердің жұмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, ал тұрғындар мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен қанағаттандырылады.

«Менің ойымша, мұның бәрі халық үшін жасалған», – деп атап өтті қала әкімі. Ғабидолла Әбдірахымов қала мәслихатына, Қоғамдық кеңеске басқарушы кеңесті енгізу жөніндегі әкімдіктің бастамасын қолдағаны үшін алғысын білдірді, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы А. Шпекбаевқа және Шымкент қалалық МҚІСҚА департаментінің директоры Әли Көмекбаевқа алғысын білдірді.

uakit.kz

 

ПІКІР ЖАЗУ