КҮНГЕЙ ҚЫЗҒАЛДАҚТЫҢ ОТАНЫ

КҮНГЕЙ ҚЫЗҒАЛДАҚТЫҢ ОТАНЫ

Шымкентте «Қызғалдақ жолы» фестивалі өткізілді. Шараның мақсаты – көктемнің, жаңа өмір мен көрікті тіршіліктің жаршысы болып табылатын қызғалдақ гүлінің отаны күнгей екенін барынша дәріптеу болып табылады.

Табиғаттың берген таңғажайып сыйын барынша дәріптеп қана қоймай, оны көздің қарашығындай қорғауға баулыған бұл жоба аясында Шымкенттегі  Арбат демалыс аймағында  түрлі шаралар, атап айтқанда қатысушылардың арнайы шеруі, театрландырылған көріністер,  флористердің көрмесі, фото көрме, концерттік бағдарламалар өткізілді. Шымкент және Түркістан облысының тұрғындары шақыртылған шараға қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовта қатысты. Өз сөзінде ол:

– Біз биылдан бастап осы жобаны қолға алдық. Қызғалдақтың отаны осы оңтүстік өңірі екені мәлім. Мұны көптеген ғалымдар мойындаған. Бұл гүл ең алдымен бізде өсіріліп, одан соң Индия, Түркия елдеріне, сол арқылы Еуропаға жеткізілген. Шымкент логотипінің қызғалдақ бейнесінде болуы да тегін емес. Сондықтан да біз қала тұрғындары үшін осындай фестивалы өткізуді дұрыс деп санаймыз,-деді.

ПІКІР ЖАЗУ