ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР БАУЫР АУЫСТЫРУ ОТАСЫН 5 САҒАТ 48 МИНУТТА АЯҚТАДЫ

ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР БАУЫР АУЫСТЫРУ ОТАСЫН 5 САҒАТ 48 МИНУТТА АЯҚТАДЫ

Шымкент қалалық №1 ауруханасының бас дәрігері Абылай Донбай  өз командасымен бірге бұған дейін 13-18 сағатта жасалатын отаны бас-аяғы 5 сағат 48 минутта сәтті аяқтады.

Бұл туралы Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов өзінің @gabidullaabdrakhimov  инстаграм аккаунтында мәлімдеген.

Жұртпен бөліскен бұл жаңалығында қала әкімі бас дәрігер Абылай Донбай бастаған бірнеше дәрігерлердің бауыр ауыстыру операциясын осылайша сәтті аяқтағанына ризалық білдіріп, оның командасына «Еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін! Ем алып, ота жасатқан азаматымыздың бойына қуат дарысын!» деп тілек білдірген.

uakit.kz

ПІКІР ЖАЗУ