ҮШІНШІ МЕГАПОЛИСТЕ ЗАМАНАУИ ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ САЛЫНАДЫ

147
0

Шымкентте «TAMERLAN RESIDENCE» атты заманауи жаңа үй бой ктереді. Осыған орай қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қатысуымен аталған тұрғын үй кешені құрылысының таныстырылымы өтті.

Бизнес-класты тұрғын үй кешенінде барлығы 349 пәтер бар. Жалпы көлемі 51 мың шаршы метрді құрайды. Үйдің 7 блогы мен екі деңгейлі жерасты паркингі болмақ.

«BI Group» компаниясы ұйымдастырған шарада  Ғ. Әбдірахымов:

– Қаламызда ерекше оқиға. Жаңа тұрғын үй кешенінің құрылысы басталды. «BI Group» компаниясына алғыс білдіремін. Аталған компания қалада бірнеше жобаны сәтті жүзеге асырып келеді. Оның бірі келер жылы пайдалануға берілетін «Конгресс холл» нысаны. Енді олар қала тұрғындарына жайлы баспана салу ісін қолға алып отыр, -деді.

Жалпы 12-16 қабатты тұрғын үй кешенінің құрылысына травертин мен гранит секілді табиғи материалдар пайдаланылады. Ол жасыл аулалар мен кешен ішінде үйлесімді орта қалыптастырады.

Тұрғын үй кешені әкімшілік-іскерлік орталығында, С. Бәйтереков көшесінің бойында орналасатын болады.

uakit.kz