САЙЛАУДЫ АШЫҚ ӘРІ ӘДІЛ ӨТКІЗУГЕ ҮЛЕС ҚОСАТЫН «АМАНАТ» АЛАҢЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

САЙЛАУДЫ АШЫҚ ӘРІ ӘДІЛ ӨТКІЗУГЕ ҮЛЕС ҚОСАТЫН «АМАНАТ» АЛАҢЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Сайлау үдерісіне қоғамдық мониторинг жүргізу мақсатында құрылған «Аманат» азаматтық платформасының Түркістан облысындағы өкілдігі науқан бойынша тиісті мониторинг жұмыстарын бастады. Бұл туралы журналистерге облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты кезінде өкілдіктің жетекшісі Бектай Орманов мәлімдеді.

Сайлауды әділ және ашық өткізуге үлес қосуды көздейтін өкілдіктің бастамашы топ құрамына еліміздегі қоғамдық ұйымдар, БАҚ өкілдері, жастар, сарапшылар және азаматтық белсенділер кірген.

«Аманат» азаматтық платформасының бірінші отырысы 2019 жылы 22 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында өткізілді. Осы кездесуде “Аманат” азаматтық тұғырнамасын құру туралы бастама көтеріліп,  алдағы сайлауға қоғам мониторинг жүргізе алатындай ұсыныстар жинау жөнінде шешім қабылданды. Қоғамдық штаб құрылды. Бүгінде мүдделі азаматтар мен сарапшылардың 250-ден астам ұсынысы келіп түсіп, олардың ішінен өзекті мәселелер іріктелініп алынды. Осының негізінде сайлау үшін қажетті жағдайлар жасаудың 5 негізгі бағытын қамтитын тұжырымдама әзірленді», – деді Бектай Орманов.

Ол бес бағыт – «Сайлауды өткізуге дайындық», «Сайлаушылардың  өз құқықтары жайлы хабардар болуы», «Адалдық», «Ашықтық» және  «Ынтымақтастық» деп аталады.  Үміткерлерге теңдей жағдай жасалына ма? БАҚ барлығына бірдей алаң бере ме? Сайлаушылар таңдаған кандидатты қалай қолдай алады? Оның бағдарламасы туралы ақпаратты қалай табуға болады? Міне, «Аманат» осы және өзге де сұрақтарға жауап беруді көздейді.

Сонымен қатар, Қазақстанның барлық өңірлерінде, әрбір сайлау учаскесінде тәуелсіз бақылау және жедел ақпарат алмасу желісін құру, азаматтар, журналистер, сарапшылар, ғалымдар арасындағы сайлау бойынша барынша ашық және объективті ақпарат пен пікір алмасу, тәуелсіз диалог және пікірталас алаңдарын құру бағытында жұмыстар атқарылады.

 uakit.kz

 

ПІКІР ЖАЗУ