«ШЫМКЕНТ-СИТИДЕ» БОЙ КӨТЕРЕТІН БІРНЕШЕ БАЛАБАҚШАНЫ СИНГАПУРЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР САЛМАҚ

«ШЫМКЕНТ-СИТИДЕ» БОЙ КӨТЕРЕТІН БІРНЕШЕ БАЛАБАҚШАНЫ СИНГАПУРЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР САЛМАҚ

«Шымкент Сити» қалашығында Сингапурлық «KinderWorld International Group Ltd» компаниясы бірнеше балабақша мен мектеп салатын болады.

Жобаның іске асырылуымен «Kazakh invest» АҚ айналысады. Ал, серіктес ретінде бірлескен «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы құрылыс жұмыстарын қолға алады. Жуырда корпорацияның басқарма төрағасы Рашид Аюпов XII-ші Астана экономикалық форумына қатысып, «KinderWorld International Group Ltd» компаниясының басқарма төрағасы Рики Тэнмен кездесіп, жаңа жобаны талқылады.

Өз кезегінде Р. Аюпов осы жоба бойынша  тиісті жер учаскелері анықталғанын, енді таяуда  жобалық сметалық құжаттарды әзірлеу басталатынын,  оны толықтай жүзеге асыру мерзімі үш жылды қамтитынын мәлімдеді.  Сонымен қатар ол, жобаның жалпы құны 20 млн. доллар болатынын, бұл сома өсуі мүмкін екенін де хабарлады.

ПІКІР ЖАЗУ