АРЫСТА 42 ТОПТАН ҚҰРАЛҒАН САПЕРЛАР КҮШЕЙТІЛГЕН РЕЖИМДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

Бүгінде әскерилер Арыс қаласын және қала маңын тазалау, тексеру жұмыстарын жалғастыруда. Бұл бағытта арнайы тікұшақпен де мониторинг жүргізіліп, мамандар қаланың оқ-дәріден тазаланғанын, жарылыс қаупі жоқ екеніне көз жеткізген. 42 топтан құралған саперлар күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Бұл туралы Арыс қаласын қалпына келтіру бойынша облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен жиын кезінде ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілі Руслан Шпекбаев мәлімдеді.

Қалада қауіпсіздік пен тыыныштықты қамтамасыз ету үшін 300-ден астам полицей  жұмыс істеуде. Түркістан облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбдіғани Сейдуалиев Арыстағы 17-сектордың барлығында дерлік тәртіп сақшылары кезекшілік жасап жатқанын алға тартты.  

Ал облыс әкімінің кеңесшісі Ұласбек Сәдібеков барлық секторларда тұрғындардың талап-тілегі тыңдалып, 800-ге жуық жергілікті белсенді, ел ағалары мен үкіметтік емес ұйым мүшелері гуманитарлық және өзге де көмектерді ұйымдастыру шараларына тартылғанын мәлімдеді.

uakit.kz

ПІКІР ЖАЗУ