ҚАЛА ӘКІМІ ҚАЛАШЫҚТАҒЫ ҚАҚПАНЫҢ КІРПІШІН ҚАЛАДЫ

Келер жылы Шымкентке келетін туристердің саны жылдағыдан бірнеше есеге көбейетіні сөзсіз. Бұған қаланың ТМД елдерінің мәдени астанасы болып белгіленгені негіз болары анық. Сондықтан да қалада алдағы жылы өткізілетін шараларға дайындықты қазірден бастап пысықтау қажет. Осы ретте Цитадель қалашығы сырттан келетін туристер үшін ең қызықты нысан болары белгілі. Себебі туристер бұл жерде санғасырлық уақыт жылнамасын артқа тастағанына айғақ болар жәдігерлермен жақын танысуға  мүмкіндік алады.

Соңғы уақытта аптаның демалыс күндерін Ескі қалашықтағы қызған жұмыс алаңын аралауға арнап жүрген Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов  сала мамандарына осы жәйттерді айта келе, Цитадельдің бекінісін қалпына келтіру жұмыстары келесі жылы аяқталатынын мәлімдеді.

Сонымен қатар қала әкімі Ерлан Қуанышұлы Цитательдің Оңтүстік қақпасының алғашқы кірпішін қалады. Қазіргі таңда тарихи жерде археологиялық қазба жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазба жұмыстарына қатысып жүрген археолог-ғалымдар аршу кезінде көптеген тарихи жәдігерлерді  табуда. Бұл тарихи жер келешекте Шымкенттің негізгі туристік орны болады деп күтілуде. Онда амфитеатр, ежелгі мұражай мен галерея бой көтермек.

uakit.kz

ПІКІР ЖАЗУ